Жалағаш кентіндегі Ақсу автожолы бойындағы жаңа көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы кент әкімінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 294 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 20 мамырдағы N 10-6-154 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес кент халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық–кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 1 хаттамасын ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Жалағаш кентіндегі Ақсу автожолы бойындағы көше Өмірзақ Тұңғышбаевтың атындағы көшесі болып аталсын.
      2. Кент әкімінің орынбасары М.Ибраев осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Кент әкімі                                   А. Дарибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады