Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 81 қаулысы. Қызылорда облысының әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 наурызда 10-8-112 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 ақпандағы N 64 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2013.02.13 N 64 қаулысымен.     

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. 

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сырдария ауданында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi түрлерi ұйымдастырылсын.
      2. Аймақтағы қоғамдық жұмыстардың түрлерi N 1 қосымшаға, қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн мекемелер және әлеуметтiк жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелер тiзiмi, қоғамдық жұмыстардың көлемi мен қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбек ақысының мөлшерi N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Тереңөзек кентi және ауылдық округi әкiмдерi Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы мен осы қаулыдан туындайтын талаптардың орындалуын қамтамасыз етiп, қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың бесiне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне ақпарат берсiн.
      4. Аудан әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 12 ақпандағы "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi түрлерiн ұйымдастыру туралы" N 76 қаулысының (2009 жылғы 12 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 10-8-86, 2009 жылы 31 наурыздағы N 27 "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                    С. Тәуiпбаев

2010 жылғы 25 ақпандағы N 81
аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен
бекiтiлген N 1 қосымша

1. Қоғамдық жұмыстың түрлерi

      Қоғамдық жұмыстар мынадай негiзгi түрлер бойынша ұйымдастырылады:
      1. Коммуналдық-тұрғын үй шаруашылық мекемелерiне елдi-мекендер айналасын тазартуға көмектесу;
      2. Жергiлiктi деңгейде жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, кәрiз және басқа инженерлiк коммуникациялар салу;
      3. Жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк мәдени объектiлер салу, қайта жаңғырту және жөндеу;
      4. Тарихи-сәулеттiк ескерткiштер мен кешендердi қалпына келтiру, археологиялық жұмыстар;
      5. Бюджет есебiнен жүзеге асырылатын айналаны көгалдандыру мен көркейту, экологиялық сауықтыру, орман шаруашылығын, демалыс және туризм аймақтарын сақтау мен дамыту;
      6. Көктемгi дала, егiн жинау жұмысын өткiзу кезiнде ауылдық округтерде жердi паспорттау;
      7. Республикалық және аймақтық науқандарын (қоғамдық пiкiрдi сұрау, әр түрлi санақтар) өткiзуге қатысу;
      8. Қарулы күштер қатарына шақыруын өткiзуге көмектесу;
      9. Орта қаржыландыру шарты негiзiнде қосалқы шаруашылығы бар ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру кезеңiнде дала жұмыстарын өткiзу, мал бордақылау, мал төлiн өсiру, мал бағу мен қорғау;
      10. Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыға және атаулы әлеуметтiк көмек алуға ұсыныс берген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеудi жүргiзу үшiн учаскелiк комиссиялардың жұмысына көмек көрсету;
      11. Елдi-мекендерде құқықтық тәртiп сақтауға көмектесу;
      12. Қайта есептеу кезiнде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөнiндегi ұйымдарға көмектесу және халықтың мақсатты топтарына (оралмандар, рақымшылықпен босатылғандар) құжаттар рәсiмдеу кезiнде әлеуметтiк қызмет көрсету;
      13. Мұрағат мекемелерiне, кiтапханаларға көмектесу, кiтаптарды қайта қалпына келтiру;
      14. Бюджет есебiнен жасалатын тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй қорын қайта жаңғыртуға қатысу, ол жұмыстар үшiн қажеттi қосалқы материалдар (құрылыс тастар, қиыршық тастар, плиталар, құм) дайындау;        15. Әлеуметтiк қызметтер көрсету (балалардың спорт және ойын алаңдарын салу, каникул кезiнде сауықтыру лагерiнде балалардың демалуын қамтамасыз ету);
      16. Елдi-мекендерде газеттердi уақытылы жеткiзiп тұруда көмек көрсету;
      17. Техникалық қызметтер (маусымдық жұмыстарда мекемелерде бу қазандығына от жағу, қарауыл, тазалықты сақтау жұмыстарына көмектесу, хатшы-машинистка т.б.);
      18. Мал тұқымын асылдандыру, малды қолдан ұрықтандыру жұмыстарына көмектесу.

2010 жылғы 25 ақпандағы N 81
аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен
бекiтiлген N 2 қосымша

2. Қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн мекемелер тiзiмi

      1. "Сырдария ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      2. "Тереңөзек кентi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      3. "Ақжарма ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      4. "Шiркейлi ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      5. "Шаған ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      6. "Н.Iлиясов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      7. "Iңкәрдария ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      8. "А.Тоқмағанбетов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      9. "Қоғалыкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      10. "Бесарық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      11. "Аманкелдi ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      12. "Айдарлы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      13. "Қалжан ахун ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      14. "С.Сейфуллин ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      15. "Құндызды ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      16. "Жетiкөл ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      17. "Аудандық экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      18. "Аудандық қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      19. "Аудандық кәсiпкерлiк бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      20. "Аудандық қала құрылысы және сәулет бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      21. "Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      22. "Аудандық құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      23. "Аудандық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      24. "Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      25. "Аудандық iшкi саясат бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      26. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      27. "Аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      28. "Аудандық жер қатынастары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      29. "Аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      30. "Қайнар" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны;
      31. "Сырдария ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      32. "Сырдария ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      33. "Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейi" мемлекеттiк кәсiпорны;
      34. "Сырдария аудандық балалар әуез мектебi" мемлекеттiк кәсiпорны;
      35. "Сырдария кәсiптiк мектебi N 10" мемлекеттiк мекемесi;
      36. " N 35 И.Тоқтыбаев атындағы қазақ орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      37. "Ә.Тәжiбаев атындағы N 36 орыс орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;

      38. "О.Әбiлпаттаев атындағы N 210 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      39. " N 37 қазақ орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;

      40. " N 131 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      41. "Т.Айтбаев атындағы N 132 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      42. "А.Тоқмағанбетов атындағы N 135 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      43. " N 137 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      44. "Ә.Жәмiшев атындағы N 129 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      45. " N 126 қазақ орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      46. "Қ.Баймағанбетов атындағы N 42 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      47. " N 44 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      48. " N 191 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      49. " N 174 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      50. " Абай атындағы N 130 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      51. "Аманкелдi атындағы N 139 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      52. " N 147 орта мектебi" мемлекеттiк мекемесi;
      53. "Сырдария аудандық орталықтандырылған кiтапханалар жүйесi" мемлекеттiк мекемесi;
      54. "Сырдария ауданының Әдiлет басқармасы" мемлекеттiк мекемесi;
      55. " N 1"Қызғалдақ" балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      56. " N 2"Балдәурен"балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      57. " N 6"Ботакөз" санаториялық балабақшасы" мемлекеттiк мекемесi;
      58. "Балауса" балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      59. ""Айгөйлек" балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      60. "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      61. " N 8 "Айгүл" балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      62. "Гүлдер" балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      63. "Бүлдiршiн" балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      64. "Бөбек" балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      65. "Ақ көгершiн" балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      66. "Нұр сәби" балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

      67. " N 13 Нұр бөбек балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

      68. " N 14 Алтын сақа балабақшасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
      69. "Сырдария орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      70. "Сырдария кеңес беру диагностикалық емханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      71. "Сырдария аудандық өкпе ауруына қарсы күрес ауруханасы" мемлекеттiк мекемесi;
      72. "Сырдария аудандық мемлекеттiк мұрағаты";
      73. "Сырдария аудандық iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      74. "Сырдария аудандық орман және жануарлар дүниесiн қорғау" мемлекеттiк мекемесi;
      75. "Жалын" тынығу лагерi мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      76. Мемлекеттiк зейнатақы төлеу орталығының Сырдария аудандық филиалы;
      77. "Сырдария аудандық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" мемлекеттiк мекемесi;

      78. "Сырдария аудандық мәдениет үйлерi мен клубтары" мемлекеттiк кәсiпорны;
      79. "Сырдария аудандық мәдениет үйлерi мен клубтары" мемлекеттiк кәсiпорнына қарасты Тереңөзек кентi мәдениет үйi;
      80. "Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығының Сырдария аудандық филиалы";

      81. "Сырдария аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

Қоғамдық жұмыстардың көлемi мен қоғамдық жұмысқа
қатысушылардың еңбек ақысы

      Қоғамдық жұмыстар жұмыс берушi мен жұмыссыздар арасында еңбек шарт арқылы ұйымдастырылады. Еңбек шарттың шектi мерзiмi 6 ай. Қоғамдық жұмысқа қатынасқаны үшiн еңбек ақы төлеу еңбек шартқа, орындалған жұмыстың көлемi, сапасы мен күрделiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес реттеледi.
      Еңбекақы Қазақстан Республикасында белгiленген ең төменгi еңбекақыдан кем емес көлемде нақты орындалған жұмыстың көлемiне төленедi.
      Қоғамдық жұмыстар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң және жұмыс берушiнiң қаражатынан олардың өтiнiмдерi бойынша қаржыландырылады.

Әлеуметтiк жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелер тiзiмi

      1. "Өркен - Сырдария" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2. Айдарлы ауылдық округі, "Ынтымақ" селолық тұтыну кооперативі;
      3. С.Сейфуллин ауылдық округі, "Қамқор" селолық тұтыну кооперативі;
      4. Шаған ауылдық округі, "Шаған" селолық тұтыну кооперативі;
      5. Шіркейлі ауылдық округі, "Бахмұхаммед" селолық тұтыну кооперативі;
      6. "Сымбат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      7. "Жасұлан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      8. Жеке кәсіпкер "Дүзімбетова Ләззат";
      9. "Сыр жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      10. "Жәрдем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      11. "Сәулет" өндірістік кооперативі;
      12. "Гүлдастан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      13. "Дәнекер құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      14. "Ремстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      15. "KZ-Қамқор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Ескерту: Әлеуметтiк жұмыс орындары тиiстi ұсыныстар негiзiнде бекiтiлдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады