"Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" 2008 жылғы 31 шілдедегі N 427 аудан әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 наурыздағы N 101 қаулысы. Қызылорда облысының әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 наурызда 10-8-113 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Cырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы N 102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Cырдария ауданы әкімдігінің 2012.03.13 N 102 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" 2008 жылғы 31 шілдедегі N 427 аудан әкімдігінің қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-8-72 санымен 02.09.2008 жылы тіркелген, "Тіршілік тынысы" газет баспасында 13.09.2008 жылы N 74 санында жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
      нұсқаулықтың 20-тармақшасындағы "Сырдария аудандық почта байланыс торабы" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар" деген сөздермен;
      21-тармақшасындағы "Сырдария аудандық почта байланыс торабымен" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    С. Тәуіпбаев
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады