2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 03 сәуірдегі N 129 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 14 сәуірде N 10-8-116 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы N 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.01.10 N 9 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығының 3-тармағының талаптарын орындау мақсатында Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру "Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын.
      2. 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету және оларды салтанатты жағдайда шығарып салу жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. "Сырдария кеңес беру диагностикалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
      1) шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру үшін білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын бөлу;
      2) қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина мүлкімен қамтамасыз ету;
      3) емдеу емханаларында шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастыру ұсынылсын.
      5. "Сырдария аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыру ұсынылсын.
      6. "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды сапалы дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандардан өз еріктерімен келіскен 4 адам бөлсін.
      7. Тереңөзек кенті, ауылдық округтердің әкімдері, "Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Сырдария кеңес беру диагностикалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша), "Сырдария аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) қаулыны орындауда атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2010 жылдың 5 шілдесіне аудан әкімдігіне жолдау ұсынылсын.
      8. "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңіндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 170 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 10-8-87 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газет баспасының 2009 жылғы 13 мамырдағы N 39 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               С. Тәуіпбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Келісілді"
      Сырдария аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы Е.Рзағазиев
      " " сәуір 2010 ж.

      "Келісілді"
      Сырдария аудандық емхананың
      бас дәрігері С.Ерімбет
      " " сәуір 2010 ж.

      "Келісілді"
      N 35 қазақ орта мектеп лицей директорының
      тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Батишева
      " " сәуір 2010 ж.

      "Келісілді"
      Сырдария ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы М.Сүлейменов
      " " сәуір 2010 ж.

      "Келісілді"
      "Отан" қоғамдық бірлестігінің
      Сырдария филиалының төрағасы Н.Ергешбаев
      " " сәуір 2010 ж.

2010 жылғы "03" сәуірдегі N 129
      аудан әкімдігінің қаулысымен
      бекітілген қосымша

2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

      Сүлейменов Мақсұт - "Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің" бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

      Әжікенов Ержан - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

      Әлжанов Ерлан - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

      Ерімбет Сексенбай - аудандық емхананың бас дәрігері, (келісім

бойынша);

      Батишева Гүлсара - N 35 қазақ орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);

      Ергешбаев Нәділ - "Отан" қоғамдық бірлестігінің Сырдария

филиалының төрағасы (келісім бойынша);

      Тоқмағанбетова Ғалия - аудандық аурухананың аяжаны, комиссия

хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады