Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округын құру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/304 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылгы 15 шілдедегі № 266 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 25 тамызда № 2076 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.07.2015 № 224 қаулысымен және Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.07.2015 № 27/413 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Түпқараған аудандық мәслихаты мен Түпқараған ауданы әкімдігінің Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов селолық округін құру туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылыcы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабының 3 - тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сайын Шапағатов елді мекені «ауыл» санатына жатқызылсын.
      Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.07.2014 № 187 қаулысымен және Маңғыстау облыстық мәслихатының 30.07.2014 № 18/281 шешімімен(жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Ақшұқыр ауылдық округі құрамынан бөліп, шекарасы Сайын Шапағатов ауылы аумағындағы, орталығы осы ауыл болатын Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округі құрылсын.
     Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.07.2015 № 224 қаулысымен және Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.07.2015 № 27/413 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев

      Сессия төрағасы                         Қ. Келжанов

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Шелпеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады