Карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Бейнеу ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 184 Қаулысы. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қаңтарда № 11-3-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңының 10 - бабы 2 - тармағы 9) - тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 242 санды ұсынысын қарап, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жануарлардың құтыру ауруы туындауына байланысты «Өтелген» шаруа қожалығы орналасқан «Ақшелек» жерінде (одан әрі – Аймақ) карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Аймақта «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен (З.Нұржанова) және «Бейнеу аудандық санитариялық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (Н.Шалабай) бірлесе отырып, азаматтардың денсаулығын құтыру ауруынан сақтандыру, арнаулы профилактикалық медициналық шаралар жүргізу, жұқпалы аурулардың таралуынан санитариялық қорғау, жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу жөніндегі шараларды жүргізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (Қ.Байбатыров) ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау «Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.Өтегенов) тапсырылсын.
      4. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілсін және мемлекеттік тіркеуге ұсынылсын.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                       Қ.Әбілшеев

      А.Ұлұкбанов
      Ү.Әмірханова
      Қ.Бөлтеков
      М.Нысанбаев
      М.Көбеген
      Қ.Жарасбаева
      дайынд.:Б.Өтегенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады