2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Жаңа

Қарақия аудандық әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 147 шешімі. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 05 қаңтарда № 11-4-115 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңдары негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
      2. Шақыру учаскесі Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің базасында ұйымдастырылсын.
      3. Кент, село әкімдері және ұйымдардың басшылары:
      - 1994 жылы туылған және бұдан бұрын тіркеуден өтпеген азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
      4. Аудандық ауруханасы Қ.Құрбанбековке (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
      - 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман-дәрігерлерді қатыстыру;
      - 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
      - азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман-дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорографияға, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
      - созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін;
      - дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2011 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізу.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне Н.Мұханбетқали (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
      - азаматтардың тіркеу учаскелеріне келуін бақылауды қадағалау және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету.
      6. Аудандық білім бөліміне А.Көбегенов (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
      - 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде аудан мектептерін автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдерін қатыстыру;
      7. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қортындысы туралы хабарламаны аудан әкіміне жазбаша хабарлама түсіру, Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне Д.Қонқаевқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Төлешовке жүктелсін.
      9. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Ә.Дауылбаев

      Келісілді:

      Аудан әкімінің орынбасары
      Б.Төлешов_________ « ___» ____2010 ж.

      Аппарат басшысы
      А.Абилов__________ « ___» ____2010 ж.

      Аудан әкім аппаратының мемлекеттік
      құқықтық бөлімінің жетекшісі
      А.Таубаев_________ « ___» ____2010 ж.

      Жаңаөзен қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығы
      Д.Қонқаев__________ «___»_____2010 ж.

      Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
      міндетін атқарушы
      Н.Мұханбетқали__________ «___»_____2010 ж.

      Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері
      Қ.Құрбанбеков__________ «___»_____2010 ж.

      Аудандық білім бөлімі бастығының
      міндетін атқарушы
      А.Көбегенов__________ «___»_____2010 ж.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады