Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 147-қ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 1-қ қаулысы. Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 ақпанда № 11-7-69 тіркелді

      Қазақтан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 765 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс - қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Мұнайлы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 147-қ «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін қосымша шаралар туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 11-7-51 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 25(81) санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      6 тармақтағы «15000» саны «20000» санымен ауыстырылсын.
      Көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұнайлы ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі» қосымшасында:
      мынадай мазмұндағы 3 тармақпен толықтырылсын:
      «3.Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыға нақты жұмыс атқарған уақыты үшін Қазақстан Ресупбликасының заңдарымен белгіленген 20000 мың теңге мөлшерінде жалақысын ай сайын олардың есеп шотына аударады.».

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Әбіловке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                    О.Д.Қазақбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады