Азаматтарды Лисаков қаласының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 6 шешімі. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 желтоқсанда № 9-4-175 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШТІМ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылғы қаңтардан бастап наурызды қоса кезеңде "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Октябрь кентінің, Красногор селосының әкімдері тіркеуге жататын азаматтарды шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаменті Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуден жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстау жұмысын ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. "Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу ұйымдастыру үшін қаржыландыру жоспарына сәйкес ақшалай қаражаттар бөлсін.
      5. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Лисаков қаласының әкіміне 2011 жылдың 1 сәуіріне қарай беру ұсынылсын.
      6. Осы шешім оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков
      қаласының әкімі                            В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының ішкі
      істер департаменті Лисаков
      қаласының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ Т. Айсин

      "Қостанай облысы Лисаков
      қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ А. Никифоров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады