Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Аманкелді ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 2 шешімі. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 ақпанда № 9-6-105 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы, 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында "Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Аманкелді ауданының шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы "Аманкелдi аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорыны бас дәрігеріне (келісім бойынша) "Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Село, ауыл және ауылдық округ әкiмдерi:
      1) тіркеуден өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
      2) азаматтарды шақыру учаскесіне жеткізу үшін ілесіп жүретін адамдарды бөлсін, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.
      4. "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Аманкелді ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу жөніндегі медициналық комиссия қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін, сол сияқты аудандық бюджет есебінен белгіленіп бөлінген қаржы көлемінде емдеу-сауықтыру мекемелерінде медициналық тексеру шараларын қаржыландыруды шешуді жүзеге асырсын.
      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Хайруллинге жүктелсiн.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аманкелдi ауданының әкiмi                  С. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аманкелдi аудандық қорғаныс
      iстерi жөнiндегi бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
      ______________ А. Тлегенов
      2010.01.18

      Қостанай облысы Денсаулық
      сақтау басқармасы "Аманкелдi
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттiк коммуналдық қазыналық
      кәсiпорнының бас дәрігері
      _______________ Р. Есмағанбетов
      2010.01.18

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады