2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 4 қаулысы. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 ақпанда № 9-9-115 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың нақты түрлері мен көлемдері және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдардың қоса ұсынылған тізбесі;
      2) қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың еңбек ақысы аудандық бюджет қаражаттары есебінен айына бір жарым айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде бекітілсін.
      2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны басшылыққа алсын;
      3. Мыналар:
      1) әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салықтың аудандық бюджеттен төленетіндігі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылатындығы;
      2) шартпен белгіленген мөлшерде жалақыны аудару және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеу шығындары жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен төленетіндігі белгіленсін.
      4. Жангелдин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің Жангелдин ауданы әкімдігінің "Болашақ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және "Жангелдин коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтер өтемі кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескерсін.
      Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тізбеде бекітілген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған, қоғамдық жұмыстардың орындалу шартындағы көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      5. Жангелдин ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 19 ақпанындағы № 42 "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-98 тіркелген, 2009 жылғы 13 наурызында аудандық "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылсын;
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Н. Төлепов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Қ. Құлтанов

      "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________________ Л. Зейнекина

      "Жангелдин ауданының ауыл шаруашылығы
      бөлімінің Жангелдин ауданы әкімдігінің
      "Болашақ" мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорны бастығы
      _____________________ М. Хусайынов

      "Жангелдин коммуналдық шаруашылық
      кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының бастығы
      ____________________ М. Қалиев

Әкімдіктің     
2010 жылғы 11 қаңтардағы
№ 4 қаулысы     

2010 жылы ұсынылатын қоғамдық жұмыстардың нақты
түрлері мен көлемдері және қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі

      РҚАО Ескерту. Кестені қағаз мәтінінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады