Жангелдин ауданында бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 168 шешімі. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 наурызда № 9-9-118 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 218 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 03.04.2015 № 218 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жангелдин ауданында бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық мәслихаты
      кезектен тыс сессиясының төрағасы          Т. Ахметов

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы                      Т. Даркенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жангелдин ауданы бойынша
      салық басқармасы мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      ________________ Х. Зейнеке
      23.02.2010 ж.

Мәслихаттың       
2010 жылғы 23 ақпандағы 
№ 168 шешіміне қосымша 

Жангелдин ауданында бірыңғай
тіркелген салық ставкаларының мөлшері

№ р/с Салық салу
объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген
салық ставкаларының
мөлшері (айлық есептік
көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын
өткізуге арналған,
ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық
ойыншылардың қатысуымен
ойын өткізуге арналған,
ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін
пайдаланылатын дербес
компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады