Мәслихаттың 2010 жылғы 17 сәуірдегі № 224 "Қарасу ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 286 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қаңтарда № 9-13-120 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 68 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2012.12.10 № 68 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Қостанай облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 2 а-1536/2010 қаулысы негізінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Қарасу ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін бекіту туралы" мәслихатының 2010 жылғы 17 сәуірдегі № 224 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-13-110 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 26 мамырдағы "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған), мына өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген Ережелердің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Осы Ережені қадағалауға бақылау Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес ветеринарлық органдарымен және санитарлық-эпидемиологиялық бақылауын және ішкі істер органдарымен жүргізіледі";
      көрсетілген Ережелердің алтыншы "абзацтың" он екінші тармағында ішкі істер "бөлімі" деген сөз ішкі істер "органдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының қабылдау күнін көрсету бөлімі преамбуласында "21" деген сан 2001 жылғы "23" қаңтардағы деген санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының
      төрағасы                                   А. Ибраев

      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы                       С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекциясы
      комитетінің Қарасу аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________ М. Ахметов
      2010 жылғы 2 желтоқсанда

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Қостанай облысы
      бойынша департаменті Қарасу
      ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ______________ Б. Есимбеков
      2010 жылғы 2 желтоқсанда

      "Қазақстан Республикасы Ішкі
      істер министрлігі Қостанай
      облысы Ішкі істер Департаменті
      Қарасу ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ___________________ Е. Махмутов
      2010 жылғы 2 желтоқсанда

Мәслихатының       
2010 жылғы 2 желтоқсандағы 
№ 286 шешімімен бекітілген 

Қарасу ауданының елді мекендерінде иттер мен
мысықтарды күтіп-ұстау Ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Қарасу ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстаудың осы Ережелер (әрі қарай-Ереже) Қарасу ауданы аумағында иттер мен мысықтардың ұстауын регламенттеу мақсатымен әзірленген.
      2. Ереже, меншік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға бірдей таратылады. Ережеге қызметтік иттерді ұстайтын құқық қорғау органдардың мекемелері жатпайды.
      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленген.
      4. Осы Ережені қадағалауға бақылау Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес ветеринарлық органдарымен және санитарлық-эпидемиологиялық бақылауын және ішкі істер органдарымен жүргізіледі.

2. Жануарларды ұстау тәртібі

      5. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелеріне санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерін сақтау керек.
      6. Көпқабатты үйлердің қоғамдық орындарында (баспалдақ торларында, жер қабаттарында, дәліздерде) сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттерді ұстауға тыйым салынады.
      7. Жеке үй иелеріне иттерді ұстау олардың қашып кетпеуін және екі үйдің шекарасында ұстауды қадағалау. Үй ауласына кіреберісінде, дарбазада иттер бар екендігі туралы белгі болуы тиіс.
      8. Көшеде, аулада, қоғамдық орындарда иесіз, бос жүрген иттер белгіленген тәртіпті және сақтану ережесін сақтай отырып ауланады.
      9. Иттер мен мысықтар жеке ветеринарлық паспорттар беру жолымен бірдейлендіріледі.

3. Жануарлар иелерінің міндеттері

      10. Иттер мен мысықтардың иелері заңды мәртебесіне және меншік нысанына қарамастан:
      1) иттер мен мысықтардың ұстауын негізгі Ереженің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді;
      2) қоршағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық ережелерін сақтау үшін қажетті шараларды қолдайды;
      3) иттер мен мысықтарды қыдыртқанда пайда болған жалпыға ортақ қолданылатын және басқа да ластанған қоғамдық орындарды тазартады;
      4) жануарды егу, қарау және ұстауға байланысты шығындарын осыларды жүзеге асырған органдарын барлық шығындарын өтейді;
      5) жануарлармен тістелген сонымен қатар жануарлардың қапыда жұт болған барлық жағдайлар жөнінде селолық округтің ветеринарлық инспекторын немесе ветеринарлық қадағалау бөлімін және денсаулық сақтау органдарын хабарландырады; ауруға күмән болған жағдайда, ветеринарлық қызметінің мамандары келгенше, жануарды жеке ұстау, немесе жануарды қоғамдық көлікті қолданбай мал дәрігеріне жеткізуі тиіс;
      6) құлаған жануарлардың өлекселері мал қорымдарында өртеуге, немесе өлексе жағатын пештерде өртеуге міндетті.
      7) ветеринарлық қызметкерлерге жануарларды диагностикалық зерттеу және вакцинация мен дегельминтизацияны өткізу үшін олардың талабы бойынша береді;
      11. Жануарлардың құтыру ауруға шалыққан күдікті фактісі анықталған жағдайда, осы инфекцияға қарсы бұрын идентификация және иммунизация процедураларын өтпегенде-оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алына және жойылады.
      12. Жануарларды қыдырта жүріп, олардың иелері мына ережелерді ұстану керек:
      1) иттерді аулада, балалар алаңдарында, мектеп аулаларында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде қыдыртуға болмайды. Қыдыратын орынға жеткенше иттер мен мысықтардың қалдырған (табиғи шығарылымдарын) ластауларын тазартуға;
      2) иттерді арнайы бекітілген, қоршалған жерлерде қыдырту керек, егер осындай жерлер болмаса, иттердің қыдыртуын құла далада жүзеге асыру;
      3) адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көліктерде және қоғамдық орындарда иттерді қысқа жіппен және мұрынға киетін құралмен шығару керек. Адам аз жерлерде иттерді ұзын жіппен және мұрынға киетін құралмен қыдыртуға рұқсат етіледі. Қоршалған жерлерде және алыс жерлерде, адамдар жоқ кезде иттерді бос және мұрынға киетін құралды шешпей жіберу рұқсат етіледі;
      4) иттерді түнгі уақытта қыдыртқан кезде олардың иелері тыныштықты сақтау шараларын қамтамасыз етеді;
      Осы санаттағы әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істерді ішкі істер органдар жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады