Рабочая көшесін Петр Чигадаев атындағы көшеге қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровской селосы әкімінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 5 шешімі. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 маусымда № 9-15-130 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық кұрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 54 қаулысымен бекітілген Қостанай облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелер, жер телімдеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарының 5-тармағына сәйкес Боровской селосының әкімі ШЕШТІ:
      1. Рабочая көшесі Петр Чигадаев атындағы көшеге қайта аталынсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                            А. Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады