2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 8 шешімі. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 қаңтарда № 9-16-113 тіркелді 

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін аудан аумағында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесiне тiркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар өткізілсін.
      3. "Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келiсiм бойынша) "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен бірлесіп тіркеу өткізу кезенінде ұсынылсын: әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу нарядтарын оқу орындарына жеткізу; алғашқы әскери даярлаудың оқытушы - ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалдарымен қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс ұйымдастыру, әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстын басталғаны туралы хабарландыру беру.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсiн.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                Б. Кеңесбаев

      "КЕЛIСIЛДI"

      "Қостанай облысы Науырзым
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ____________ Е. Смағұлов
      2010 жылғы 13 желтоқсанда

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Науырзым аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      ________________ С. Исмағұлова
      2010 жылғы 13 желтоқсанда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады