"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 383 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қазанда № 9-18-123 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан -желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестріндегі нөмірі 9-18-114, 2010 жылғы 20 мамырдағы "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) аудан әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 129 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады