Ақсу қаласы халқының нысаналы топтары туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы N 39/1 қаулысы. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 наурызда N 12-2-128 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 83/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012.01.26 N 83/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 1314-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі мынадай жұмыссыз азаматтардың санаттарымен белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуде шектеулері бар тұлғалар (ДКК);
      2) 50 жастан асқан тұлғалар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
      4) отбасында бірде-бір жұмыс істейтін адам жоқ тұлғалар;
      5) 25 жасқа дейінгі жастағы жастар;
      6) туберкулезбен ауыратын науқастар;
      7) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
      8) 2009 және 2010 жылдары бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарында оқу бітірген тұлғалар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010.04.09 N 210/3 шешімімен.
      2. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады