Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар санатының тізбесі туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы N 194/24 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда N 12-2-132 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 қаңтардағы N 15/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012.01.27 N 15/2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар санатының тізбесі (бұдан әрі Тізбе), қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Аманғалиев

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Ақсу қалалық мәслихатының      
(IV сайланған XXIV кезектен тыс сессиясы)
2010 жылғы 17 ақпандағы N 194/24 шешіміне
қосымша              

Әлеуметтік көмекке құқығы бар
азаматтардың жекелеген санатының тізбесі

      Ескерту. Қосымша 32 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2011.10.28 N 352/39 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар.
      2. Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушылары.
      3. Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқандар мен мүгедектер.
      4. Жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер.
      5. Жас мамандар – Ақсу өңіріне жұмысқа орналасуға жіберілген, педагогикалық мамандықтағы оқу орындарының түлектері, сонымен қатар облыс әкімінің грантымен оқығандар, сондай-ақ, Ақсу өңіріне жіберілген медициналық мамандық бойынша жоғары оқу орындарының түлектері.
      6. Жан басына шаққандағы орташа табысы бекітілген азық-түлік себеті құнынан аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар.
      7. Бас бостандығынан айырылу орнынан келген тұлғалар
      8. Ауылдық жерде тұратын білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары.
      9. Өртке қарсы қызметтің өрт туралы актісін немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте уәкілетті органмен берілген қорытындыға сәйкес өрт, зіл-зала апаты, жазатайым оқиға, төтенше жағдайлар, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған тұлғалар.
      10. 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.
      11. "Құрметті донор", "Почетный донор" белгісімен наградталған немесе "Құрметті донор", "Почетный донор" белгісімен наградталғаны туралы мұрағаттың анықтамасы бар азаматтар.
      12. 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек-әйелдер.
      13. "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Ақсу қалалық филиалы ұсынған тізімге сәйкес Астана қаласына экскурсияға қатысу үшін өңірді дамытуға үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлері, Құрметті азаматтар, еңбегі сіңген тұлғалар.
      14. Медициналық академияның 7-курс студенттері.
      15. Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша 18 жасқа толмаған, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына, келесі құжаттар қоса берілген өтініші бойынша: "Ақсу қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы; дәрігерлік-кеңес комиссиясының хаттамасынан үзіндінің көшірмесі; медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі.
      16. "Батыр ана" белгісімен, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқасымен наградталған әйелдер.
      17. Дәрігерлік-кеңес комиссиясы берген анықтамасы негізінде 12 аптаға дейінгі жүкті әйелдер.
      18. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кем дегенде алты ай жұмыс істеген тыл ардагерлері.
      19. Балалар - кеңесі мен педиатор учаскелері меңгерушілерінің қолымен расталған учаскелік дәрігердің рецепті бойынша балаларға арналған сүт қоспасын қосымша алуға мұқтаж аз қамтамасыз етілген отбасылары.
      20. Дәрігерлік-кеңес комиссиясы берген анықтамасы негізінде, оғаш отбасыларынан бала табу кезеңі жасындағы әйелдер.
      21. Онкологиялық аурулармен ауыратын тұлғалар.
      22. Облыстың жоғары оқу орындарында оқуына ақы төлеу үшін аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері.
      23. Туберкулезге қарсы аурухана берген тізімге сәйкес туберкулезбен ауыратын және тубвиражды азаматтар.
      24. Қысқа мерзімді курстарда кәсіби даярлықтан, қайта даярлаудан және кәсіби біліктілігін арттырудан өту үшін "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ тіркелген жұмыссыздар.
      25. 18 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін аз қамтамасыз етілген қамқоршылар.
      26. Ауылдық аймақта тұратын әлеуметтік-қорғалатын және аз қамтамасыз етілген отбасылары.
      27. Жетім-балалар.
      28. Аз қамтамасыз етілген толық емес отбасылар.
      29. Аз мөлшерде зейнетақы алатын, жасына байланысты зейнеткерлер.
      30. Дәрігерлік-кеңес комиссиясымен берілген анықтамасы негізінде гемодеализ процедурасын алуға мұқтаж тұлғалар.
      31. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен тұлғалар.
      32. Қиын тіршілік жағдайындағы тұлғалар (тұрғылықты жері жоқ адамдар).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады