1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылдың қаңтар - наурызында "Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2010 жылғы 12 ақпандағы N 5 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 наурызда N 12-3-257 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бап 1-тармақ 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 5 мамырындағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. 2010 жылдың қаңтар - наурызында 1993 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтарды "Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істер жөніндегі біріккен бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – қорғаныс істері жөніндегі бөлімі) шақыру учаскесіне тіркеу жұмысы жүргізілсін.
      2. Мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен оқу орындарының басшылары кестеге сәйкес тіркеуге жататын азаматтардың уақытылы келуін 100%-ға қамтамасыз етіп, тізімін қорғаныс істері жөніндегі Бөлімге тапсыруларына ұсыныс жасалсын.
      3. Павлодар облысының денсаулық сақтау Басқармасының Екібастұз қаласы бойынша емдеу-алдын алу жұмыстарын үйлестіру бөлімі (М.М.Әубәкірова) (келісім бойынша):
      1) медициналық куәландыру үшін қажетті медициналық кұрал-жабдықтармен және медициналық мүліктермен қамтамасыз ете отырып, дәрігерлер мен орта медицина персоналын бөлсін;
      2) 1500 адамға шаққандағы адамдардың флюорографиясын өткізу үшін (негізгі және резервті) флюорографиялық кабинеттер бөлсін;
      3) 1993 жылы туған жеткіншектердің, емханада ауырып жатқандарының медициналық карталарын, неврологиялық, тері-венерологиялық, жұқпалы аурулармен, туберкулезбен, ішкі орган ауруларымен ауыратындарының тізімін Қорғаныс бөліміне тапсырсын;
      4) тіркеу мерзімінде медициналық комиссиямен жіберілген сырқаттанған шақырылушыларды емдесін және тексеруден өткізсін.
      4. Екібастұз қаласының ішкі істер бөлімі (О.А.Обухов) (келісім бойынша):
      1) ішкі істер бөлімінің тізімінде тұрған, сотталған, тіркеуде тұрған, қылмыстық  жауапкершілікте тұрған, 1993 жылы туған жастардың тізімін Қорғаныс бөліміне жіберсін;
      2) комиссиядан өтуге себепсіз келмей жүрген, 1993 жылы туған жастарды, оларды тіркеу комиссиясына Қорғаныс бөлімінің жеке іздестіру қағазы бойынша міндетті түрде жеткізе отырып, іздестіру бойынша шұғыл шаралар қолдансын (жеті тәулікке дейін).
      5. "Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істер жөніндегі біріккен бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.И. Тоқышев) (келісім бойынша):
      1) жұмысқа қажетті құрал - саймандармен және жабдықтармен жабдықтай отырып, Қорғаныс бөлімінің ғимаратында медициналық тіркеу комиссиясының жұмысын ұйымдастырсын;
      2) шақыру учаскесіне тіркеуге тұрудың кестесін әзірлеп бекітсін, ұйымдар мен оқу орындары басшыларының назарларына жеткізсін.
      6. Екібастұз қаласы ауылдық округтерінің, поселкелердің және село әкімдері 1993 жылы туған жастарды кестеге сәйкес тіркеу бойынша комиссияға 100 %-ға келуін және шақыру учаскесіне жеткізілуін және тәртіп сақталуын қамтамасыз етсін.
      7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Қ.Шахметов) тіркеу өткізуге байланысты шығындарды қаржыландыруды осы бағдарлама бойынша 2010 жылға қала бюджетін қаржыландырудың бекітілген жоспарына сәйкес қалалық бюджет есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      8. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің, поселкелердің және село әкімдері осы шешімнің орындалу барысы туралы айсайын 10-шы күнге ақпарат беріп отырсын.
      9. Екібастұз қаласы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылдың қаңтар-наурызында "Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істер жөніндегі біріккен бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы" N 73 шешімі жойылсын.
      10. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С.Төлеубаевқа және Екібастұз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен Бөлімінің бастығы А.И. Тоқышевқа жүктелсін.
      11. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Павлодар облысының
      денсаулық сақтау
      Басқармасының бастығы
      2010 жылғы 9 ақпан                         А. Күзеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Екібастұз қаласы ішкі
      істер бөлімінің бастығы
      2010 жылғы 10 ақпан                        О. Обухов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Екібастұз қаласының
      қорғаныс істер жөніндегі біріккен
      бөлімінің бастығы
      2010 жылғы 10 ақпан                        А. Тоқышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады