Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін беру Ережелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 02 қарашадағы N 300/25 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 желтоқсанда N 12-3-280 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 04 шілдедегі № 243/30 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 04.07.2014 N 243/30 (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Үкіметтің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына сәйкес және бюджет қаржысы есебінен халықтың әлжуаз тобын әлеуметтік қолдау, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні сәйкестікке келтіру мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін беру Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Е. Шаихов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Балтабекова

Екібастұз қалалық мәслихатының
2010 жылғы 2 қарашадағы     
(IV шақырылған кезекті XXV сессия)
N 300/25 шешімімен      
бекітілді            

Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы" N 2314 қаулысымен және халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын бюджет қаражаты есебінен қолдау мақсатында әзірленді.

1. Негізгі ережелер

      1. 1. Тұрғын үй көмегi – бұл Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үйде тұрақты тұратын және осы үйде тiркелген аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) жергiлiктi бюджет қаражатынан мемлекетпен ұсынылатын төлемдер, төлем енгiзуге:
      1) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жекешелендiрiлген тұрғын үй (пәтер) иесi немесе тұрғын үй (пәтер) жалдаушысы (жалға алушы) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жинақтаушы қаражат жарнасына және (немесе) күрделi жөндеудi өткiзу үшiн;
      2) тұрғын үй иесi немесе жалдаушысы (жалға алушы) болып табылатындарға коммуналдық қызметтi тұтынуға;
      3) байланыс саласында заңнамамен белгiленген тәртiпте тұрғын үйдiң иесi немесе жалдаушысы (жалға алушы) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк ақының өсу бөлiгiнде байланыс қызметi;
      4) жеке тұрғын үй қорында жергiлiктi атқарушы органдарымен жалға алынған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемдерi.Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бірден бір түрі болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі осы мекенде тұрақты тұратын тұлғаларға, егер баспананы ұстаудың, коммуналды қызметтерді пайдаланудың төлеміне арналған, телекоммуникация желісіне қосылған, телефонға абонеттік төлемі ұлғайғандағы байланыс қызметтерін және тұрғын үйді ұстауға жалға алу төлемінің шығындары нақты орын иеленген пайдалы көлемдерден көп емес, баспана көлемінің әлеуметтік нормалары шегінде бұл мақсатқа шекті мүмкін болатын шығындар үлесінен асқан жағдайда ғана беріледі.
      Баспананы ұстаудың және коммуналды қызметтерді пайдаланудың, телекоммуникация желісіне қосылған, телефонға абоненттік төлемі ұлғайғандағы байланыс қызметтерін және тұрғын үйді ұстауға жалға алу төлеміне арналған шекті мүмкін болатын шығындар үлесі аз қамтамасыз етілген азаматтарға, жұмыссыздарға, еңбек өтілімі толық емес, зейнетақысы аз мөлшердегі зейнеткерлерге, жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлерге, 1, 2-топтардағы мүгедектерге бес пайыз және зейнетақысы ең жоғары мөлшердегі зейнеткерлерге және жұмыс істейтін азаматтарға жеті пайыз мөлшерінде отбасының қосылған табысына белгіленеді.
      Күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеуге шекті мүмкін болатын шығындар үлесі коммуналдық қызметтері отбасының жиынтық табысына 30 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      100 % өтеумен күрделі жөндеу жұмыстарына немесе кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеуге арналған қаражаттарды жинақтауға салымдардың шығындарын өтеу келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
      - ҰОС қатысушылары мен мүгедектері тұрғын үй иелігі құқығының есебінсіз;
      - ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, баспанда немесе балалар үйіндегі (егер тұрғын үй жалға берілмесе) тұрғын үй иесі болып табылатын жетім-балалар.
      3. Тұрғын үй көмегі берілген мекен-жайда тіркелген және тұрақты тұратын тұрғын үйдің жекеменшік иесі немесе жалға алушы (жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайда, Ереженің 3-тармағына сәйкес тұрғын үй алуға құқығы бар тұлғалар күрделі жөндеу жұмыстарына немесе кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеуге арналған қаражаттарды жинақтауға салымдардың шығындарына өтемақы алуға құқылы.
      5. Тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ:
      1) жеке меншігінде бір үй-жайдан артық тұрғын-үйдің (пәтер, үй) бір бөлігіне ие болып отырған отбасылары (отбасының бір мүшесі) жалға берушілер;
      2) жұмысқа жарамды отбасы мүшесі істемейтін, оқымайтын, әскери қызметте жоқ және жұмыссыз ретінде тіркелмегендердің отбасылары.
      Бұған қосылмайтындар қатарына: үнемі күтімді керек ететін боп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын тұлғалар; жеті жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) балалардың тәрбиесімен айналысатын тұлғалар; төрт және одан да көп, соңғы баланың бірінші сыныпты бітіргенге дейін тоғыз жастан аспауы тиіс), балалардың тәрбиесімен айналысатын көп балалы аналар; жүкті әйелдер; зейнетақы алдындағы жастағы жұмыс істемейтін тұлғалар (зейнетке шығуға екі жыл қалғандар); түберкүлез, жүйке-сана аурулары, онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғалар; барлық топтағы мүгедектер.
      6. Баспананы ұстаудың, коммуналды қызметтерді пайдаланудың, коммуналды қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желісіне қосылған, телефонға абоненттік төлемі ұлғайғандағы байланыс қызметтерін және тұрғын үйді ұстауға жалдық төлемі бойынша тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдағы тоқсанға өтініш беру құқық басталған күннен бастап сол тоқсанға тағайындалады.
      7. Күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеуге қаражаттарды жинақтау салымдарына арналған өтемақы кондоминиум объектілерін жөндеудің жеке түріне біржолғы көмегі болып табылады.
      8. Тұрғын үй көмегі алушының жазбаша өтінішінде көрсетілген, тауар мен қызметтерді жабдықтаушының жеке шотына қаражаттарды аудару арқылы меншік иесіне есептелінген соммамен салыстырғанда баспананы ұстауға және коммуналды қызметтерінің төлемдерін азайту ретінде қолма-қолсыз түрде беріледі және қызметтерді жабдықтаушылар арасында тұрғын-үй көмегін бөлу пропорционалды аударылған төлемге әлеуметтік нормалар шегінде жүргізіледі.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемі ұлғайғандағы байланыс қызметтеріне өтемақы тұрғын үй көмегін алушылардың екінші деңгейдегі банктердегі немесе "Қазпошта" АҚ-ғы дербес есепшоттарына аударылады.
      Әлеуметтік мөлшер - өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін (мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлген кезде қолданылатын тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы) тұрғын үй алаңының нормасы және Екібастұз қаласында өтініш берудің өткен тоқсаны, осы тоқсаны үшін коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері аясында тұрғын үйді ұстау, коммуналды қызметтерді төлеу, телекоммуникация желісіне қосылған, телефонға абоненттік төлемі ұлғайғандағы байланыс қызметтерін және тұрғын үйді ұстауға арналған жалға алу төлемақысының шығындары.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалған есепті-нормативтік шығындарды анықтау аумақтық монополияға қарсы органдар тәртібімен бекітілген, қала тұрғындарының коммуналдық қызметін берушілермен келісілген осы қызмет түріне тарифтер негізінде жүргізіледі.
      9. Көмек мөлшері осы мақсатқа берілген отбасының әлеуметтік нормалар шамасында және шығындардың шекті мүмкін болатын деңгейлерімен меншік иесінің баспананы ұстау мен коммуналды қызметтерді пайдалану үшін нақты төлемі арасындағы айырмашылық сияқты есептеледі.
      10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері баспананы ұстау үшін және коммуналды қызметтерге аударылған төлемақы құнынан аса алмайды.
      Баспананы ұстаудың және коммуналды қызметтерді пайдаланудың төлемі, белгіленген нормадан тыс, соның ішінде тағайындау бойынша жалпы негіздерде жүргізіледі.
      11. Көмектің ең аз мөлшері бір тоқсанға айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің жартысынан кем болмауы керек.
      12. Әлеуметтік шаманың төлем ауқымы мына көлемдегі сомалар болып табылады:
      1) пайдалы алаңның бір шаршы метрлі үйді ұстауға төлем ставкасы әлеуметтік шамасына көбейтілген төлемқұны, отбасы мүшелерінің санынан шыға келе;
      2) жалпы алаңдағы үйдің бір шаршы метріне берілетін жылу қызметі мен жылу жүйелерін ұстау қызметін төлеу ставкасы әлеуметтік шамаға көбейткендегі отбасы мүшелерінің санынан шыға келе;
      3) отбасы мүшелері санына көбейтілген ыстық сумен қамтамасыз ету қызметінің төлем ставкасы;
      4) отбасы мүшелеріне көбейтілген күл-қоқыстарды шығару қызметіне төлем ставкасы;
      5) отбасы мүшелері санына көбейтілгендегі су құбыры мен су арнасы қызметінің төлем ставкасы;
      6) отбасы мүшелері санына көбейтілгендегі электр қуатын тұтыну қызметінің әлеуметтік норма мөлшерінде төлем ставкасы (нақты тұтынудан аспайтын);
      7) жалпы үйдің электр қуатын тұтыну және жалпы қолданыстағы жерді жарықтандыру қызметіне төлем ставкасы;
      8) отбасы мүшелеріне көбейтілген бір адамға шаққандағы лифт пайдалану, лифт жарықтандыру қызметінің төлем ставкасы;
      9) телеқатынастың қалалық торабына қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері.
      Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын-үй аумағының әлеуметтік мөлшері:
      1) жалғыз басты азаматтар мен бірінші топтағы мүгедектерге – пайдалы алаңның отыз шаршы метрі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жалғыз тұратын азаматтарға – пайдалы алаңның отыз шаршы метрі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
      3) екі немесе одан да көп адамнан тұратын отбасыларға - пайдалы алаңның он сегіз шаршы метрі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес.
      13. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін электрқуатты тұтынудың әлеуметтік шамасы адам басына 110 киловатты сағатты құрайды.
      14. қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес қосымша аумаққа құқығы бар азаматтар үшін нормативті актілермен белгіленген аумақ мөлшеріне әлеуметтік шама көбейтіледі.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      15. Тұрғын-үй көмегін тағайындауды "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      Өтініш иесі тұрғын үй көмегін ресімдеу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1-қосымшаға сәйкес бекітілген үлгіде өтініш береді.
      Өтінішке келесі құжаттар бірге қоса беріледі:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      16. Ереженің 15-тармағымен көзделген құжаттардан басқа, күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеуге қаражаттарды жинақтау салымдарына арналған шығындарын өтеу құқығына ие болған тұлғалар, тұрғындардың жалпы жиналысында бекітілген және кондоминиум объектілерінің басқарма органы басшысының қолымен, мөрімен куәландырылған жергілікті атқарушы органдармен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрлерін өткізуге шығындар сметасының негізінде кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеуге қаражаттарды жинақтауға ай сайынғы салымдардың мөлшері туралы шотты немесе нысаналы салымдардың мөлшері туралы шотты қосымша ұсынады.
      17. Күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеуге қаражаттарды жинақтау салымдарының өтемақысы тағайындалады:
      1) азаматтардың 15-тармаққа сәйкес құжаттар тізбесін ұсынған кезде;
      2) кондоминиум объектілерінің басқарма органымен, жергілікті атқарушы органдармен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрлерін өткізуге шығындар сметасының көшірмесін;
      3) кондоминиум объектілері басқармасы органдарымен көрсетілуімен пәтер иелерінің және жалға алушыларының жиналыс хаттамасының көшірмесі.
      Күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеуге қаражаттарды жинақтау салымдарының өтемақысын тағайындау туралы шешім белгіленген түрде (2-қосымша) және белгіленген тізбеге сәйкес анықтамамен және оларға қоса берілетін құжаттармен өтініш берушінің жазбаша өтініші негізінде "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қабылданады.
      Күрделі жөндеуге немесе кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеуге қаражаттарды жинақтау салымдарының өтемақысы ақша қаражаттарын өтініш иесінің екінші деңгейдегі банктердегі немесе "Қазпошта" АҚ-ғы дербес есепшоттарына аударылады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініштерді қабылдау тоқсанның соңғы айының 25 күніне дейін жүргізіледі.
      18. Отбасының орта жиынтық кірісіне уақыттың белгіленген кезеңі ішінде ақшалай немесе шынайы түрде Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерде алынған кірістердің барлық түрлері кіреді, келесілерді қоспағанда:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын-үй көмегі;
      3) бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы;
      4) жерлеу рәсімдеріне жәрдемақы;
      5) төтенше жағдайға тап болған тұлғаларға біржолғы материалдық көмек (өрт, пәтер тонауы, ұзақ, бір айға созылған сырқат және т.б).
      19. II және III тоқсанда отбасының жиынтық кірісіне үй алдындағы учаскілерден, бақшалардан (саяжай учаскесінен) түскен кірістер 1 жүздік үшін 1 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде, бірақ жалпы сомасы 5 айдан кем емес есептік көрсеткіші есепке алынады.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру

      20. Тұрғын үй көмегіне берілетін төлемақыны қаржыландыру қалалық мәслихатпен бекітілген қалалық бюджеттен қарастырылған қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      21. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі аударылған сомаларды көрсетуімен тұрғын үй көмегін алушылардың тізімін коммуналды қызметтердің кәсіпорын-жабдықтаушыларына қалыптастырады және ұсынады.
      22. Асыра берілген жалған мәлімет барысында заңсыз төленген көмек үшін меншік иесі бір жыл мерзімге өз тұрғын-үй көмегінен айрылады. Заңсыз тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысы сот тәртібінде қайтарылып беруге жатады.

Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін беру Ережесіне
1-қосымша             
"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік    
мәселелер бөлімі" ММ бастығы    




_________________________________


_________________________________


(Тегі, аты, әкесінің аты)


Мына мекенжай бойынша тұратын:


Екібастұз қ., _______________көшесі,


N _____ үй, ______пәт.


үй тел.____________________

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

       Мен, _______________________________________________________________
      (Жалдаушының (баспананың меншік иесінің) аты-жөні, туған жылы
      Менің _________________________________________ мекенжайы бойынша _________ адамнан тұратын отбасыма, тұрғын үйді күтуге, тұтынылған коммуналды қызметтері мен байланыс қызметтеріне, телекоммуникацияның қалалық жүйесіне қосылған, телефонның абоненттік төлемі тарифінің көтерілуіне өтемақы бойынша шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
      Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесімен таныстым.
      200_______жылғы________тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегінің аударылған сомасын келесі тәртіпте жіберуіңізді сұраймын:

Р/с N

Қызмет түрлерінің атауы

Сомасы

1

Тұрғын үйді ұстау_________________________
(ПИК атауы)


2

Жылу қуаты, ыстық су, жылу жүйесі


3

Суық су, канализация


4

Электр қуаты


5

Жалпы үй электр желілерін ұстау


6

Жалпы пайдалану орындарын жарықтандыру


7

Қоқыстар шығару


8

Лифт, лифтіні жарықтандыру


9

Абоненттік төлем



Басқа да қызмет түрлері



Барлығы:



      Өтінішке жауап бергенге қанағаттандым, қанағаттанбадым (керегін сызу керек).
      Жазбаша ескертуге мұқтажбын, мұқтаж емеспін (керегін сызу керек).
       ____________ _____________________
      (күні) (қолы)


Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін беру Ережесіне
2-қосымша
"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
мәселелер бөлімі" ММ бастығы


_____________________________________


(Тегі, аты, әкесінің аты)


Мына мекенжай бойынша тұратын:


Екібастұз қ., ______________көшесі,


N ______үй, ________пәт.


үй тел._______________________

Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін
жөндеуге арналған өтемақылар аударуға өтініш

       Мен, ________________________________________________________________
      (Жалдаушының (баспананың меншік иесінің) аты-жөні, туған жылы
      Менің _________________________________________ мекен-жайы бойынша __________ адамнан тұратын отбасыма, кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге арналған өтемақыларды өтеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
      Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесімен таныстым.
      Қажетті құжаттарды қоса беріп отырмын, аударылған өтемақы сомасын
      ________________________ _________________шотына аударуды сұраймын (Казпошта АҚ, банк бөлімшелері).
       ______________ __________________
       (күні) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады