2010 жылы мүгедектерге жұмыс орындарын үлестіру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы N 7/1 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда N 12-13-97 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бап 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2 тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауданның кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарына қосымшаға сәйкес жалпы жұмыс орындарының үш пайыз мөлшерінде үлесі белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Теміржанова Гүлстан Сағынтайқызына жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Шарбақты ауданы әкімдігінің  
2010 жылғы 9 ақпан N 7/1 қаулысына
қосымша          

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы
жұмыс орындарын ашатын ұйымдардың тізбесі

N

Ауылдық округ атаулары

Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер

Мамандығы

Іске қосу мерзімі 2010 жыл

1

Галкино ауылдық округі

"Ертіс орманы" МОТҚ ММ
келісім бойынша

жұмысшы

сәуір - шілде

2

Шалдай ауылдық округі

"Ертіс орманы" МОТҚ ММ
келісім бойынша

жұмысшы

сәуір - шілде

3

Александровка ауылдық округі

"Абай" ЖШС
келісім бойынша

жұмысшы

мамыр - тамыз

4

Шарбақты селосы

" Шарбақты элеваторы" ЖШС АСҚ
келісім бойынша

күзетші

мамыр - тамыз


Барлығы

3 кәсіпорын

4 жұмыс орны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады