Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 70 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 13-2-115 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы N 242 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 02.10.2013 N 242 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңы 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы
2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек (бұдан әрі – біржолғы материалдық көмек) азаматтардың келесі санаттарына:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға (жауынгер-интернационалистер мен техногендік сипаттағы апаттардың зардаптарын жоюға қатысқандарды қоспағанда) – 5 000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға - 2 000 теңге мөлшерінде көрсетілсін.
      2. Біржолғы материалдық көмекті төлеу 451-020-015 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен өткен, запасқа (отставка) босатылған, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмек тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      4. «Аққайың аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан бюджетімен бекітілген қаражаттандыру шегінде біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары А.М. Нүркеновке жүктелсін.
      6. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан соң бірінші күнінен бастап күшіне енеді.

      Аққайың ауданының әкімі                          Р. Елубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады