Ауыл өңірінде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет саласындағы мамандарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 23-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 мамырда N 13-4-103 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қаңтардағы N 20-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 29.01.2014 N 20-2 шешімімен

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағына 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жергілікті бюджет қаражатынан ауыл өңірінде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет саладағы мамандарға жыл сайын, бір айлық есептік көрсеткіш кем емес көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмек, уәкілетті орган берген тізімі бойынша әлеуметтік көмек алушының есеп шотына екінші деңгейдегі банк немесе «Казпошта» АҚ филиалынан аудару арқылы берілсін деп анықталсын.
      3. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін берілген қажеттілік құжаттардың тізбесі бекітілсін қосымшасына сәйкес.
      4. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған қаржыландыру шығыстары сәйкестік бюджетімен көзделген сома шегінде 451004000 «Отын алу үшін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет, спорт саласындағы ауыл өңірінде тұратын мамандарға заңнамаға сәйкес берілетін әлеуметтік көмек» бюджеттік сыныптама коды бойынша берілсін.
      5. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жариялаудан кейін он күн өткен соң іске қосылады.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қ. Нұрұмбеков

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Жұмабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақжар аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          С. Мұқалықова

      31.03.2010 ж.

2010 жылдың 31 наурыздағы № 23-3
мәслихат шешіміне
қосымшасы

Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың тізімі

      1. Ауылда тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет салаларында жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алуға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органға келесі құжаттар тапсырылады:
      1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;
      2) арызданушының жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) жұмыс орнынан анықтама;
      4) арызданушының есеп-шотының көшірмесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады