2010 жылы Жамбыл ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 23/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 сәуірде N 13-7-124 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 сәуірдегі N 03-31/43 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 03.04.2013 N 03-31/43 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/1 шешімін іске асыру мақсатында аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:
      1. Жамбыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1. Жамбыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға бару үшін 500 теңге сомасында ай сайын;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге, ұсынылған шот-фактура құны мөлшерінде (бағалы металлдардан, металл-пластикадан, метал-керамикадан, металл-акрилден протездерден басқа) жылына бір рет;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; жеңілдіктер және кепілдіктермен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; жеңілдіктер және кепілдіктермен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына; Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің екінші қайта некеге тұрмаған жесірлеріне; Кеңес Одағының Батырларына; үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне; Социалистік Еңбек Ері және «Халық Қаһарманы» атағын алған тұлғаларға; Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қайсарлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр-ана» атағын алған, сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; Қазақстан Республикасы алдында айрықша еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға; саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен зейнеткер болып табылатын тұлғаларға; мүгедектерге; 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарынан тұлғаларға, көшіру күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда Қазақстан Республикасындағы шеттету және қоныс аудару аймағынан көшірілгендерге (өз еріктерімен шығып кеткендерге) санаторлық-курорттық емделуге жылына бір рет жолдама құны мөлшерінде.
      2. Анықталсын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш түскен айдан бастап тағайындалатыны және өтініш берушінің қайтыс болуына байланысты немесе ауданнан тысқары кеткеннен тоқтатылатыны. Төлем нұсқалған жағдайлар басталған айдың келесі айынан тоқтатылады;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге әлеуметтік көмек лицензиясы бар медицина ұйымында ұсынылған шот-фактура құны мөлшерінде (бағалы металлдардан, металл-пластикадан, металл-керамикадан, металл-акрилден протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылатыны;
      3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер банктік операция түрлеріне тиісінше екінші деңгейлі банктер немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйым арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына есептелінген ақшалай қаражаты аудару жолымен жүзеге асырылатыны;
      4) әлеуметтік көмекті қаржыландыру сыныптаудың шығындар сыныптамасының «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451.007.000 коды бойынша өндірілетіні.
      3. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихат
      кезектен тыс XXIII сессиясының             хатшысының м.а.
      төрайымы
      Л. Шатохина                                Н. Лазарева

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы            А. Дюсембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады