Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 2-21с "Уәлиханов ауданының жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы N 6-22с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 шілдеде N 13-13-127 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 06.08.2013 N 12-14с шешімімен.
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына және 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың «Уәлиханов ауданының жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 2-21с шешімінің (2010 жылғы 29 сәуірдегі № 13-13-121 мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген және 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 21 «Шұғыла» және «Ел тынысы» газеттерінде жарияланған) 3-ші тармағы бесінші және алтыншы тармақшаларымен толықтырылсын:
      «5) барлық топтағы мүгедектер;
      6) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерлігі үшін медальдарымен марапатталған тыл еңбек иелеріне.»
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Е. Сұмағұлов
 
 
      КЕЛІСІЛГЕН:
      «Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      «Уәлиханов ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

Аудандық мәслихаттың хатшысы
Ә. Бейсенбаев
 
 
 
 
Қ. Утекина
 
 
 
Ж. Ғабдуллин


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады