Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округінің Минеевка ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қазанда N 13-14-107 тіркелді.

      Ескерту. Шешiмнің қазақ тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округі әкімінің 19.01.2021 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Минеевка ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округінің Минеевка ауылының құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Хабдулин

  Ауылдық округ әкімінің
2010 жылғы 22 қыркүйегінің № 7
шешіміне қосымша

Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округінің атау берілген Минеевка селосының құрамдас бөліктерінің тізбесі

      Бірінші көшеге – Тың көшесі;

      Екінші көшеге – Солтүстік;

      Үшінші көшеге – Мектеп бұрылысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады