Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 қыркүйектегі N 236 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қазанда N 4-3-146 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 шілдедегі № 32 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2012.07.16 № 32 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:       1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5000 (бес мың) теңге әлеуметтік көмек беру мөлшері белгіленсін.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өтіп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      22-сессиясының төрағасы                 С. Габдуллин

      Аудандық мәслихат хатшысы               А. Құрманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады