2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 79 қаулысы. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 мамырда № 4-4-165 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 24.05.2011 № 77 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 182344-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және облыс әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 84 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысын іске асыру туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның шақыру күніне дейін 18 жасқа толатын 1992 жылы туған және әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, шақырылу күніне дейін 27 жасқа толмаған 1983-1992 жылы аралығында туған азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақырылсын.
      2. Жастарды әскери қызметке шақыру комиссиясы құрылсын ( 1-қосымша).
      3. Комиссия құрамына әскер қатарына шақырылушылардың тұрмыстық денсаулық жағдайына толық талдау жасау ұсынылсын.
      4. Селолық округ әкімдеріне:
      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақырылушыларды тұрғылықты орнынан аудандық шақыру пунктіне дейін және облыстық жинақтаушы пункттен кері қарай - тұрғылықты жерден қызмет орнына дейін, сонымен бірге Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жолдамасымен медицина мекемелерінде қосымша тексеруден өткізіп, әкелуді қамтамасыз етсін;
      3) Тұщықұдық, Исатай, Забурын, Қамысқала, Жанбай, Нарын селолық округіндегі әскерге шақыртушыларды 9 сәуір мен 9 тамыздан бастап алдын ала медициналық байқауға және аудандық медициналық комиссиясына жеке автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастырсын.
      5. Аудандық орталық аурухана әкімшілігіне (С. Айдаралиев – келісім бойынша):
      1) аудандық дәрігерлік комиссия құрамына тиісті дайындығы бар, тәжірибелі маман дәрігерлер мен орта білімді медицина қызметкерлерін бөлу (2-қосымша);
      2) әскерге шақырушылардың комиссияға келген күнінен бастап қанының тобын, резус-факторын, жұқтырылған қорғаныс тапшылығы белгісі вирусын анықтау, кеуде органдарын рентгенологиялық (флюрографиялық) зерттеу, электрокардиограмма, бруцеллезге қарсы тексеру жөніндегі жұмыстарға бақылау жасау;
      3) анализдер тапсырту, және флюрографиядан, медициналық байқаудан өткізу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын (34-қосымша).
       6. Ауданның мекемелері мен кәсіпорындар басшыларына, (келісім бойынша) 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге техникалық қызметкерлер бөлу ұсынылсын (5-қосымша).
       7. Әскер қатарына шақырылушы жастарды облыстық медициналық байқау комиссиясына, командаларға белгіленген шақырушыларды облыстық жиын пунктіне тасымалдау үшін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Ж. Қойшыбаев - келісім бойынша) жеке көлік иелерімен шарт жасасу ұсынылсын.
       8. Аудандық қаржы бөлімі (Е. Алмағамбетов) 2010 жылға бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      9. Аудандық ішкі істер бөліміне (С. Жапақов - келісім бойынша):
      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге шақыру пункттерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) белгіленген мерзімде әскерге шақыру комиссиясына келмеген адамдарды жедел іздестіріп тауып, сонымен бірге әскери қызметтен бой тасалау әрекеттеріне тосқауыл қойып, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу;
      3) командаларды көлікке отырғызып, жүргізіп жіберу, сонымен бірге шақырушылар колоннасын (шақырушылар санына қарамастан) жол полициясының қатысымен жүргізу ұсынылсын.
      10. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
      11. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               Б. Қарабаев

Келісілді:
Аудандық Қорғаныс істері          Аудандық ішкі істер бөлімінің
жөніндегі бөлімінің бастығы       бастығы, капитан:
__________ С. Жапақов             __________ Ж. Қойшыбаев
22.04.2010 ж.                      22.04.2010 ж.
Аудандық орталық аурухананың      "Жайықмұнайгаз" мұнай-газ
бас дәрігері                      өндіру басқармасы бастығы:
_________С. Айдаралиев            _________ Д. Төреғалиев
22.04.2010 ж.                      22.04.2010 ж.

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
26 сәуірдегі № 79 қаулысына
1-қосымша        

Жастарды әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы:

1. Қойшыбаев Жандарбек - аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
   Бисенбайұлы           бөлім бастығы, комиссия төрағасы,
                         (келісім бойынша);
2. Жанарыстанов Ғаллам - аудан әкімі аппаратының қаржы шаруашылық
                         бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының
                         орынбасары;
3. Кереева Баян        - аудандық емхананың емшібикесі, келісім
   Жұмағалиқызы          бойынша), комиссия хатшысы;
      Комиссия мүшелері:
4. Бижанова Роза       - аудандық емхананың аға дәрігері (келісім
   Сембіқызы             бойынша);
5. Карабалина Сәнім    - әскери бөлімге шақыру және іріктеу бөлімшесі
   Махмутқызы            бастығының аға көмекшісі (келісім бойынша);
6. Хисметуллин Ақан    - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
   Ғалламұлы             орынбасары (келісім бойынша).

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
26 сәуірдегі № 79 қаулысына
2-қосымша        

Әскерге шақырылушыларды медициналық сараптаудан өткізетін
аудандық дәрігерлік комиссия құрамы:

1. Абдығали Рашадин - Хирург;
2. Балтабек Наталья - ЭКГ техник;
3. Бижанова Роза - аға дәрігер;
4. Бөлекбаева Роза - Жүйке, тамыр ауруының дәрігері;
5. Дюсалиева Бағила - тіс дәрігері;
6. Куанышова Ляззат - ЭКГ дәрігері;
7. Исақұлов Қайрат, Бөлекбаева Роза - психиатр;
8. Кабделова Гулбаршын - терапевт;
9. Қадыралиева Айымгүл - көз дәрігері;
10. Қуандықов Алексей - рентгенолог;
11. Мұханова Рая, Сахипова Хадиша - фтизиатр;
12. Сугіралиева Халима - қан тобын айырушы;
13. Төлегенова Нина - мұрын, құлақ, тамақ ауруларының дәрігері;
14. Емші бике - 4 (төрт) адам.

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
26 сәуірдегі № 79 қаулысына
3-қосымша        

2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскер
қатарына шақырылғандардың флюрография мен анализдер тапсыру
кестесі

Селолық округтер

Өтетін күндері

3.05.10

4.05.10

5.05.10

6.05.10

7.05.10

10.05.10

11.05.10

9.08.10

12.08.10

13.08.10

16.08.10

17.08.10

18.08.10

19.08.10

1

Аққыстау с/о

х







2

Тұщықұдық с/о


х






3

Новобогат



х





4

Жанбай




х




5

Нарын





х



6

Забурын






х


7

Исатай







х

Ескерту: Флюрографияға түсіру аудандық емханада жүргізіледі.

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
26 сәуірдегі № 79 қаулысына
4-қосымша         

Селолық округтер бойынша әскерге шақырушылардың
медициналық комиссиядан өту кестесі

Селолық округтер

Өтетін күндері

3.05.10

4.05.10

5.05.10

6.05.10

7.05.10

10.05.10

11.05.10

Қосымша күндер

1.09.10

2.09.10

3.04.10

6.09.10

7.09.10

8.09.

10

9.09.

10

1

Аққыстау с/о







х

12.13.14.05.27,28,05.1,2.06.10.10.09.16,17.09 23,24. 09.29.30.09.1.10.7,8,14,15,21,22,28,

29.10.10.4,5,ХІ,11,12,18,19,25,26.ХІ. 1,2.ХІІ.

2

Тұщықұдық с/о






х


3

Қамысқала





х



4

Жанбай




х




5

Нарын



х





6

Забурын


х






7

Исатай

х







Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
26 сәуірдегі № 79 қаулысына
5-қосымша        

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мекемелер арқылы
бөлінетін техникалық қызметкерлердің тізімі

Кәсіпорын, мекемелер атауы

саны

Бөліну күні

1

Жайықмұнай-газ өндіру басқармасы

1

3.05.2010ж.-27.07.2010ж.

2

Аудандық білім бөлімі

1

3.05.2010ж.-27.07.2010ж.

3

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

1

3.05.2010ж.-27.07.2010ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады