Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларының мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлемдерді тағайындау, қаржыландыру және төлеу қағидасы туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 219-IV шешімі. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда N 4-6-101 тіркелді. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 63-V шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2012.12.05 № 63-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 66 "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3 тармағының 4 тармақшасын басшылыққа ала отырып, төртінші сайланған аудандық мәслихаттың ХХІІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген аудан әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 58 қаулысымен ұсынылған ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларының мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлемдерді тағайындау, қаржыландыру және төлеу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына (төрағалары С. Құлғалиев, Б. Сапаров) жүктелсін.
      3. Шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың ХХІІІ
      сессиясының төрағасы                       С. Халықов
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Е. Көшек
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады