Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 139-ХІV "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 302-ХХХ шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 26 тамызда № 4-8-191 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 тамыздағы № 69-V шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012.08.02 № 69-V шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын, 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабын, 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-І "Тұрғын үй қатынастыры туралы" Заңының 97-бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін және аудан әкімдігінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 239 қаулысының ұсынысы негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 139-ХІV "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-8-141 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2009 жылғы 12 ақпандағы № 7-ші нөмірінде жарияланған) шешімімен бекітілген тәртіпке мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-ші тармақ 1-1 тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің, отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы. Кондоминиум объектісі басқару органы-кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға";
      2) 7-ші тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады."
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      7) комунналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      3) 2 тарауы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
      7-1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға);
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алғантұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеугеберіледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасымен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілдіоргандар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің  арасындағы айырма ретінде айқындалады."
      4) 11-ші тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Тұрғын үй көмегін есептегенде электр энергиясын, телефон желісін және табиғи газ (1 айға) пайдалану мөлшерін белгілеу."
      1) жалғыз басты адамдар үшін 100 квт/сағ;
      2) құрамы 2 адамнан жоғары отбасыларна 300 квт/сағ;
      3) аудандық телекоммуникация желісінің абоненті болып табылатын отбасыларға 2004 жылдың қыркүйек айындағы абоненттік ақының /248 теңге/ және 2009 жылғы абоненттік ақының /386,68 теңге/ айырмасы /138,68 теңге/ мөлшерінде;
      4) табиғи газ желісін пайдаланушы отбасыларына 700 куб/м.
      5) 21-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы есептеледі."
      6) 23-ші тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы - Р. Габдушеваға) жүктелсін.
      Аудандық мәслихаттың ХХХ
      сессиясының төрағасы:                      Б. Жүгінісов

      Аудандық Мәслихат хатшысының
      уақытша міндетін атқарушы:                 Р. Габдушева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады