Шымкент қаласының жеке құрамдас бөлігіне атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 43/372-4с шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 1987 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қаңтарда N 14-1-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Еңбекші ауданындағы солтүстік жағынан Е.Арғынбеков көшесімен, шығыс жағынан Д.Ерімбетов көшесімен, оңтүстік жағынан Т.Рысқұлов көшесімен, батыс жағынан С.Бәйтереков көшесімен шектелетін аумақ Тараз шағынауданы деп аталсын.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Ғ.Ғаниев

      Шымкент қаласының әкімі                    А.Жетпісбаев

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ж.Махашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады