Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 19/123-IV "Жер салығының базалық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы N 39/248-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 14-2-102 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 240 хатымен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012.12.27 № 240 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Кодексiнiң 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасы және Арыс қалалық мәслихатының 2003 жылғы 6 қарашадағы № 2/11-III шешiмiмен бекiтiлген жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде қалалық мәслихат ШЕШТI:
      1. «Жер салығының базалық ставкалары туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 19/123-IV (нормативтiк құқықтық кесiмдерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 14-2-71 нөмiрмен тiркелген, 2009 жылғы 16 мамырдағы «Арыс ақиқаты» газетiнiң № 20 санында жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлiнген (бөлiп шығарылған) жерлердi қоспағанда, ҚР «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық Кодексi) Кодексiнiң 378379381383 - баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын».
      2. Осы шешiм 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.      

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Т.Садыбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Ө. Керiмқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады