Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 300 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 сәуірде N 14-7-117 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы N 706 Қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2011.02.28 N 706 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1-тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қыметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 960 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

1) Аяпов Әкім Серікбайұлы

-

Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);

2) Алданиязов Есенгелді Әшірханұлы

-

Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

3) Қалдыбаев Мұрат Қалтұрсынұлы

-

Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісімі бойынша);

4) Байжанов Бораш

-

Мырзакент емханасының терапевт дәрігері, медициналық сараптау комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша);

5) Досымбетова Халима

-

Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырылушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі инспекторы, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

      3. Аудандық емханаға (Б.Ақылбеков - келісімі бойынша):
      1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы біткенге дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын және жұмыс орны мен лауазымы сақталсын. Әскери дәрігерлік комиссиясының жұмысы Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде өтеді. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі;
      2) әскери дәрігерлік комиссиясының қажетті құралдарымен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін;
      3) дәрігерлік комиссиясының емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткізу, табылған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындауын;
      4) жастарды диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тізімін Мақтаарал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсыру ұсынылсын.
      4. Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Ә.Аяпов - келісімі бойынша):
      1) әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасау;
      2) аудандық шақыру комиссиясының жұмысы туралы әр аптаның жұма күні аудан әкіміне жазбаша мәлімет беру ұсынылсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (М.Қалдыбаев - келісімі бойынша):
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссиядан өткізу жұмыстарын жүргізу;
      2) облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      6. Қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері:
      1) әскери қызметке шақыруды сапалы өткізуді, әскерге шақырылушыларды мезгілінде хабарлауды, олардың өз уақытында шақыру пунктіне келуін;
      2) әскерге шақырылушыларды облыстық жинау пунктіне, Шымкент қаласына аттандыру мақсатында әскери есеп столдарының мамандарын шақыру жұмыстарынан басқа жұмыстардан босатуды және олардың әр сәрсенбі күні сағат 12.00-ге әскерге шақыру жұмыстары туралы есеп беру үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етсін.
      7. Аудандық ішкі саясат бөлімі (П.Есенбеков) әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.
      8. Ауданның экономика және қаржы бөлімі (Б.Төребеков) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыру жұмыстарын өткізуге қажетті мөлшерде қаржы бөлуді жүзеге асырсын.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Тұршаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Қ.Хаметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Мақтаарал аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы                Ә.С.Аяпов
      31 наурыз 2010 жыл

      Мақтаарал аудандық ішкі істер
      басқармасы бастығының орынбасары           М.Қ.Қалдыбаев
      31 наурыз 2010 жыл

      Мақтаарал аудандық
      емхананың бас дәрігері                     Б.Ж.Ақылбеков
      31 наурыз 2010 жыл

      Мырзакент емханасының
      терапевт дәрігері                          Б.Байжанов
      31 наурыз 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады