Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 қарашадағы N 509 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қарашада N 14-9-136 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі N 120 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2011.04.20 N 120 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, 2011 жылдың қаңтар-наурызында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Б.Ошақбаев-келісім бойынша) шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу ұсынылсын.
      2. Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мақсатында мына төмендегі құрамда шақыру комиссиясы құрылсын:

Ошақбаев Бақытжан
Қаратайұлы

-аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім  бойынша);

Рахматулла Файзулла Рахматуллаұлы

-аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы комиссия  төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері

Бөлегенов Нұрлан
Құрманұлы     

-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);

Орынбеков Жұмахан Жүсіпханұлы 

-аудандық емхананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);     

Түкібай Сабира Майлыбайқызы     

-аудандық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      3. Ауылдық округтердiң әкiмдерiне және ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген мерзiмде тиiстi жергiлiктi әскери басқару органдарына шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын әскер жасына дейiнгiлердiң тiзiмiн тапсыру ұсынылсын.
      4. Аудандық емхананың бас дәрігеріне (Ш.Құрманбекова–келісім бойынша):
      1) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтардың әскери қызметке дайындық деңгейін анықтау үшін медициналық комиссиядан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын;
      2) комиссия жұмыстары біткенге дейін комиссиядағы дәрігерлер мен мейірбикелерді тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс уақытында, негізгі жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босату ұсынылсын.
      5. Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшыларына азаматтардың негізгі жұмыс орындары бойынша жалақысын сақтай отырып, шақырушыларды әскери есепке алуға байланысты жұмыстарынан (оқуларынан) босату ұсынылсын.
      6. Аудандық білім бөліміне (Ж.Көлбай) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мектептердегі жастарды тіркеуді ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету.
      7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Қ.Жандарбеков-келісім бойынша):
      1) тергеу жұмыстарына және қылмыстық істерге тартылған 17 жасқа толатын азаматтардың тізімін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру ұсынылсын;
      2) әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуден жалтарып жүргендерді іздеу және әскерге шақыру учаскелеріне оларды жеткізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Б.Ошақбаев-келісім бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандықтар бойынша азаматтарды даярлау және жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;
      2) тіркеу қорытындылары туралы мәліметті аудан әкіміне 2011 жылдың 8 сәуіріне дейін тапсыру ұсынылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Асылбекке жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады