Отырар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 қарашадағы N 510 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қарашада N 14-9-137 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 48 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2012.02.13 № 48 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк қорғау мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Отырар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бiр пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
      2. Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Кизбай) осы қаулының 1-тармағына сәйкес бос жұмыс орындарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жолдамамен жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Асылбекке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Б.Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады