"Жер салығының cтавкалары туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 3-27/III шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 40-351/IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 қаңтарда N 14-10-160 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 15-96/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 31.01.2013 № 15-96/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № ХХVІІ-238 "Сайрам ауданындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:
      1. "Жер салығының ставкалары туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 3-27/ІІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1090 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы  18 ақпанда "Мәртөбе" газетінің № 3 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      "1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378379381383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын".
      2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Сессия төрағасы                            С.Эралиев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т.Төлендиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады