2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі N 137 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 мамырда N 14-12-95 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 89 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011.03.02 № 89 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында "Созақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р.Махалиев келісім бойынша) арқылы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысы "Созақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылсын. Аудандық әскери–медициналық комиссия жұмысының күн тәртібі сенбі және жексенбі күндерден басқа күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленсін.
      4. "Созақ аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Р.Жақсыбергенов келісім бойынша) "Созақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде медициналық куәландыру өткізу үшін қажетті дәрігер-мамандар, орта медициналық персонал, құралдар бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Ауыл, поселке әкімдері шалғай жерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
      6. "Аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ш.Мырзахметов келісімі бойынша) үстерінен іс қозғалған мерзімді жазасын өтеуге үкім шығарылған және есепте тұратын әскер қатарына шақырылушы азаматтардың тізімін "Созақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сұранысы бойынша аудандық шақыру комиссиясына тапсыру, шақыру бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында арнайы полиция қызметкерлерін бөлу және мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартып жүрген азаматтарды іздестіру және оларды аудандық шақыру комиссиясына жеткізу үшін "Созақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірігіп жұмыс істеу ұсынылсын.
      7. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Созақ аудандық бөліміне (Б.Тұрсынбеков, келісімі бойынша) есепке алынған әскерге шақырылушы мүгедек азаматтардың тізімін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дер кезінде тапсырылуы ұсынылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Мейірбековке жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Әбдіқұлов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Созақ аудандық емханасы»
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері:       Р.М.Жақсыбергенов
      «7» сәуір 2010ж.

      «Созақ аудандық ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы полиция майоры:                    Ш.Ш.Мырзахметов
      «7» сәуір 2010ж.

      «Созақ ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы:           Р.Р.Махалиев
      «7» сәуір 2010ж.

      Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
      орталығының Созақ аудандық
      бөлімшесінің бастығы:                      Б.А.Тұрсынбеков
      «7» сәуір 2010ж.

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
7 сәуірдегі № 137 қаулысына
қосымша

      Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

1. Махалиев Ратбек Рзалыұлы

-«Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы;

2. Ошақапов Шекербек

-«Созақ аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

3. Құрманбеков Нұрлан Мерамбекұлы

-«Созақ аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы.

4. Дөнтаев Ахан Жапайұлы

-«Созақ аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы.

5. Тұрарова Баян Орынбасарқызы

-«Созақ аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер кабинетінің медбикесі, комиссия хатшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады