Төлеби ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 245 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 маусымдағы N 235 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 шілдеде N 14-13-75 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 қарашадағы N 463 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2011.11.03 N 463 Қаулысымен.
      

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" № 259 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасын бекіту туралы" Төлеби ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 245 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-13-56 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 3 маусымында "Ленгір жаршысы" газетінің № 24 санында жарияланған) қаулысымен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      6-тармақта "еңбек ақы мөлшері көрсетілген" деген сөздері алып тасталсын;
      9-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс".;
      10-тармақта "қарастыруы тиіс" деген сөздер "қарастырылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тарау алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә.Тұрғымбеков 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады