Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 574 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 қаңтарда N 14-13-83 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 7-109 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2012.01.17 № 7-109 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстар бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә.Тұрғымбеков

Төлеби ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 574 қаулысымен бекітілген

      2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері
мен көлемі, ұйымдардың тізбесі 

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Саны, адам

1

2

3

4

1

Ленгір қаласы және ауылдық округі әкімдері аппараттары

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

120

2

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдігі аппараттары «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Жолдар құрылысы және оларды жөндеуге көмек беру

50

3

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдігі аппараттары «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, көркейту жұмыстарына қатысу

50

4

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдігі аппараттары «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектлерді салуға және жөндеуге көмектесу

40

5

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдігі аппараттары «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету

30

6

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдігі аппараттары «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Аймақты экологиялық көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарына көмектесу

40

7

Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

30

8

Ленгір қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі

Берілген өтініштеріне сай қорғаныс істері жөніндегі бөлім жұмысына көмек беру

30

9

Аудандық ішкі істер бөлімі

«Тәртіп», «Сақшы», пилоттық жобасы бойынша жұмысқа көмектесу

30

10

Төлеби аудандық мәдени қызмет көрсету және ойын сауық орталығы «Өркен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, көркейту жұмыстарына қатысу

40

11

Төлеби ауданы әкімдігінің Ленгір су мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ауыз су құбырларын жөндеуге көмектесу

20

12

Төлеби ауданы әкімдігінің «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ағын су каналдары мен арықтарды тазалауға көмектесу

30


Барлығы


500

      Ескерту: Қоғамдық жұмысшылардың жалақысы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, жалақының ең төменгі мөлшері көлемінен кем емес төленсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады