Тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 29/7-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда № 5-4-142 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 20/3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 27.03.2018 № 20/3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айына салық салу бірлігіне Риддер қаласының және қалаға әкімшілік-бағынышты елді мекендер аумағында қызметтерді іске асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының бірыңғай көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/8-IV "Тіркелген салық ставкалары туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 06 ақпандағы № 5-4-105 тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Кезекті сессия төрағасы

В. Климов





Қалалық мәслихат хатшысы

А. Ермаков


  2010 жылғы 29 желтоқсандағы
қалалық мәслихат
сессиясының № 29/7-IV
шешімге қосымша

Салық салу нысанының атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының көлемі (айлық есептік көрсеткіште)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

10

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

2

4

Ойын жолы

7

5

Карт

4

6

Бильярд үстелі

7


      Қалалық мәслихат хатшысы А. Ермаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады