Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 қазандағы N 01-02/28-9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қарашада N 5-6-123 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 5/37-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2012.07.13  N 5/37-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аягөз ауданындағы базарларда сауда жасайтын және ара-тұра сипаттағы қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан алынатын бір жолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аягөз аудандық мәслихатының 2010 жылдың 28 шілдедегі № 01-02/27-16 Аудандағы базарларда сауда жасайтын жеке және заңды тұлғалардан алынатын бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Сессия төрағасы                         Н. Дүйсенбаев
 

      Мәслихат хатшысы                        М. Темеков
 

Қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 01-02/28-9 шешімімен
бекітілген

Аягөз ауданындағы базарларда сауда жасайтын және ара-тұра
сипаттағы қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды
тұлғалардан алынатын бір жолғы талондардың құны

Рет
саны

Қызмет түрлері

Бір жолғы
талон құны
(теңге)

1

Тамақ өнімдерін сату үшін

240

2

Өндірістік тауарлар сату үшін

220

3

Ет, құс, балық өнімдерін сату үшін (арнаулы ет павильоны ішінде)

480

4

Ұсақ-түйек сату үшін үшін (бұның ішінде әк сату, мал жемі, ескі құрал-жабдықтар)

110

5

Жеміс-жидек, көкөніс-бақша өнімдері

180

6

Нан, сүт өнімдерін сату

60

7

Ат арбамен жүк тасу

120

8

Қол арбамен жүк тасу

40

9

Газет, журнал сату үшін (тұрақты стационарлы орын болмаған жағдайда)

50

10

Жалға берілген контейнер үшін

60

11

Бақылау өлшегіш қызметі үшін

125

12

Шемішке сататындардан

85

13

Базарларда тірідей мал сату, оның ішінде:
Ірі малдар
Ұсақ малдар



480
120

14

Табын бақташылары үшін:
100 бас ірі малға
100 бас ұсақ малға



180
90

15

Сыпыртқы сатуға

100

16

Бал сатуға

200

17

Жеке тракторлармен жалға жер өңдеуге
(6 жүздікке)

125

18

Механикалық көлік алып келіп сатушыларға (бір көлікке):
Жақын шет елдерден
Алыс шет елдерден



  
3600
6000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады