Бесқарағай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы N 502 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 желтоқсанда N 5-7-87 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі N 386 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2012.09.10 N 386 қаулысымен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бесқарағай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. К. Мирашевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                       Т. ЖЕКСЕМБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады