Бесқарағай ауылының көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылдық округінің әкімінің 2010 жылғы 27 шілдедегі N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 тамызда N 5-7-84 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      “Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14 бабының 4-тармағына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Бесқарағай ауылының көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      “Крупская” көшесі “Жолан Дастенов” көшесіне;
      “Киров” көшесі “Жамбыл Жабаев” көшесіне;
      “Пионерская” көшесі “Қайрат Рысқұлбеков” көшесіне;
      “1 Май” көшесі “Тәуелсіздік” көшесіне;
      “Комсомольская” көшесі “И.С.Шевцов” көшесіне;
      “40 лет Каз ССР” көшесі “Шәкәрім” көшесіне;
      “Степная” көшесі “Бауыржан Момышұлы” көшесіне;
      “Совхозная” көшесі “Желтоқсан” көшесіне.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Округ әкiмiнің
      міндетін атқарушы:                           А. Курмангалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады