"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 5 маусымдағы № 187 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 488 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда № 5-9-127 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 мамырдағы N 650 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2010.05.28 N 650 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз)қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-4)-тармағына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 187 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 10 маусымда № 5-9-106 болып тіркелген, «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 24 санында жарияланған), қаулысына келесі өзгерту енгізілсін:
      5 тармақ келесі мазмұнда жазылсын:
      "«Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан нысаналы топтардағы азаматтардың еңбегін төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.".
      2. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған бірінші күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Понамареваға жүктелсін.

      Глубокое ауданының әкімі             В. Кошелев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады