"Зырян ауданы, Зырян қаласы бойынша біржолғы талонның құны туралы" 2009 жылғы 22 шілдедегі N 21/7-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 27 мамырда N 5-12-107 тіркелді. Күші жойылды - Зырян аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 13/10-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян аудандық мәслихатының 2012.12.20  N 13/10-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 471 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабына, «Қазақстан Республикасында жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Зырян ауданы, Зырян қаласы бойынша біржолғы талонның құны туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-12-92 тіркелген, 2009 жылғы 10 қыркүйектегі № 37 «Заря Востока» газетінде жарияланған) 2009 жылғы 22 шілдедегі № 21/7-ІV шешімінің № 2 қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 қосымшада көрсетілген шешімге:
      «Зырян ауданы, Зырян қаласы бойынша қызмет дүркін-дүркін сипатындағы кәсіпкерлік қызмет болып келетін жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар көлемі» кестесінде:
      «Жеке жеңіл автокөлік иелерінің жолаушыларды тасымалдау қызметтері (лицензиялық тасымалдауды қоспағанда)» жолы жойылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                     В. Выходцев

      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы                    Г. Денисова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады