Ұлан ауданының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 мамырдағы N 726 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 11 мамырда N 5-17-128 тіркелді. Қаулы қамтылған тапсырмаларды орындауына байланысты қолданылуы тоқтатылды (Ұлан ауданы әкімінің 2011 жылғы 11 мамырдағы N 05/1623 хаты)

      Ескерту. Қаулы қамтылған тапсырмаларды орындауына байланысты қолданылуы тоқтатылды (Ұлан ауданы әкімінің 2011.05.11 N 05-1623 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 21, 23-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулысының негізінде, 2010 жылғы көктемде және күзде азаматтардың мерзімді әскери қызметке дер кезінде өтуін қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай–ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды және шығарып салуды дер кезінде ұйымдастырсын.
      3. 2010 жылғы көктемде және күзде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін төмендегі құрамда аудандық комиссия құрылсын: 

Бекежан Кайсанович Саниязов

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Назигуль Усеровна Сейсембина

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Раушан Мейрбековна Булькенова

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктінің қызметшісі, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Нуржанов Елдос Кайратович

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери міндеттілерді келісім шарт бойынша жинақтау және шақыру бөлімшесі бастығы;

Мейрамкан Алеханович Чистобаев

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Назигуль Базарбаевна Касеновна

аудандық білім бөлімінің әдіскері;

Баян Сериковна Анжикова

аға терапевт-дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Ұлан ауданы әкімдігінің 2010.09.10 № 99 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      4. Ұлан ауданының медициналық бірлестігінің директоры (Ж. С. Бухатов келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) әскерге шақырылатындар мен әскери оқу орындарына түсетіндерді медициналық тексеруден өткізу үшін, аудандық медициналық комиссия құру;
      2) аудандық қорғаныс бөлімінің әскерге шақыру пунктін қажетті құралдармен, медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен, флюрографиялық, электрокардиологиялық және де басқа қажетті құралдармен жабдықтау.
      5. Аудандық әскери қызметке шақыру комиссиясы Молодежный кентіндегі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ұйымдастырылу ұсынылсын.
      6. Аудандық ішкі істер бөлімі (А. К. Уалиев, келісім бойынша) әскери шақырудан бас тартқандарды іздестіріп, оларды әскери шақыру пунктіне жеткізуге көмек көрсету, әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өткізу кезінде және жол жүру уақытында тәртіптің сақталуын қадағалау үшін әрбір ауылдық округтер мен кенттерден участкелік инспекторларды беруді ұсынылсын.
      7. Аудандық білім беру бөлімі (Г. А. Бояубаева) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесе, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылғандардың дене шынықтыру дайындығын тексеруді ұйымдастырсын.
      8. Аудандық қаржы бөлімі (Н. Б. Тусубжанова) 2010 жылғы аудандық бюджетімен белгіленген көлемде әскери қызметке шақыруды қаржыландырсын.
      9. Ұлан ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 10 «Ұлан ауданының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-101 болып, 2009 жылдың 10 сәуірінде тіркелген; «Ұлан таңы газетінде № 19 (7294) санында 25 сәуірде жарияланған);
      2) 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 284 «Ұлан ауданының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-112 болып, 2009 жылдың 13 қазанында тіркелген; «Ұлан таңы» газетінде № 50 (7325) санында 2009 жылдың 30 қазанында жарияланған);
      3) 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 «Ұлан ауданының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-121 болып, 2010 жылдың 10 қаңтарында тіркелген; «(Ұлан таңы» газетінде № 1-8 (7341-7342) санында 2010 жылдың 22 қаңтарында жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін қолданысқа еңгізіледі.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.

      Ұлан ауданының әкімі                         Б. Уйсумбаев

      Келісілген:

      Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
      бөлім бастығы                                Б. Саниязов

      Ұлан ауданының медициналық
      бірлестігі КҚМҚ директоры                    Ж. Бухатов

      Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы        А. Уалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады