Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2011 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің 2010 жылғы 19 қарашадағы N 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 26 желтоқсанда N 5-17-140 тіркелді. Шешім қамтылған тапсырмаларды орындауына байланысты қолданылуы тоқтатылды (Ұлан ауданы әкімінің 2011 жылғы 11 мамырдағы N 05/1623 хаты)

      Ескерту. Шешім қамтылған тапсырмаларды орындауына байланысты қолданылуы тоқтатылды (Ұлан ауданы әкімінің 2011.05.11 N 05-1623 хаты).

      Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында 2011 жылы он жеті жасқа толатын Ұлан ауданының еркек жынысты азаматтарын қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, денсаулық жағдайын, жалпы білім деңгейі мен мамандығын, дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын-ала белгілеу және әскери-техникалық мамандар бойынша дайындауға іріктеу жүргізу мақсатында, тұрғылықты жері бойынша тіркеу өткізілсін.
      2. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдасқан түрде, уақытында өткізу мақсатында – ауылдық округтер және кенттер әкімдеріне, аудан бюджетінен қаржыландырылатын мекемелер басшыларына:
      1) 2011 жылдың 10 қаңтарына дейін 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тізімін анықтап, Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген үлгіде жазбаша хабарласын;
      2) тіркелетіндерге қажетті және шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттарды уақытында беруді және жинақтауды қамтамасыз етсін;
      3) жасөспірімдердің флюрографиялық зерттеуге, анализ тапсыруға, тіркеу комиссиясына шақыру қағазында көрсетілген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
      3. Мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар бастықтарына (келісім бойынша) шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. «Ұлан ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Тусубжанова) бюджетпен бекітілген шекте азаматтардың тіркеуін жүргізу шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Ұлан аудандық медициналық бірлестігінің директорына (Ж. Бухатов, келісім бойынша) тіркеуден өтетін азаматтардың:
      денсаулық жағдайын, әскерге жарамдылық дәрежесін анықтау үшін аудандық медициналық комиссия құру;
      зертханалық және флюрографиялық тексеруден өтуін қамтамасыз ету;
      стационарлық зерттеуден өтуі үшін емханалардан қажетті санда төсек орын бөлу ұсынылсын.
      6. Ұлан аудандық ішкі істер бөліміне (А. Уалиев, келісім бойынша) тіркеуге тұрудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.
      7. Ұлан ауданның білім беру бөлімі, (Н. Касенова) тіркеу кезінде тіркеуден өтетін азаматтардың соғыс ардагерлерімен, әскери оқу орындарының курсанттарымен кездесулерін және олармен «Отанды қорғау – қасиетті борыш» тақырыбына тәрбие сабақтар ұйымдастырсын.
      8. Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 9 «2010 жылы Ұлан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толған еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-123 болып, 2010 жылғы 12 қаңтарда тіркелген  шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
 

      Ұлан ауданының әкімі                   Ж. Муратов
 

      Келісілген:

      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                      А. Уалиев
      2010 ж. 19 қараша

      Аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі
      бөлім бастығы                          Б. Саниязов
      2010 ж. 19 қараша

      Аудандық медициналық
      бірлестігінің директоры                Ж. Бухатов
      2010 ж. 19 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады