Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 02 сәуірдегі N 209 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 05 мамырда N 5-18-95 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырдағы N 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012.05.07 N 181 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 78 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13)14) тармақшаларына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Нұсқаулығы бекітілсін (№ 1 қосымша).
      2. Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың тамақтану және медициналық куәландыру шығындарын өтеу бойынша Нұсқаулығы бекітілсін (№ 2 қосымша).
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.
      4. Қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауданының әкімі                       Б. Жанақов

Үржар аудандық әкімдігінің
2010 жылғы 02 сәуірдегі
№ 209 қаулысына № 1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 78 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13)14) тармақшаларына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Осы нұсқаулық жұмыссыздар мен нысаналы тобына жататын жұмыспен қамтылмаған адамдарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруын белгілейді, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік иесіне байланыссыз) негізгі жағдайларды және есеп айырысу жүйесін реттейді.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және
жұмысқа орналасу

      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыратын жұмыс беруші белгілейді. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтардың еңбек төлемі шығындарын жартылай өтеуді екі жақтың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетілген келісім - шартқа сәйкес жүзеге асырады.
      5. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды нысаналы топқа жататындар мен басқа жұмыссыздар есебінен жүзеге асырады.
      6. Жұмыс беруші жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырып, оны «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекен жайына жібереді.
      7. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдарда жұмыс беруші «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жасалған келісім шартына сәйкес онымен еңбек шартына отырады.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері
мен шарттары

      8. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын азаматтардың еңбек төлемі ай сайын жеке еңбек келісім шартына сәйкес орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және мерзіміне байланысты жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жүзеге асады.
      9. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын азаматтардың еңбегіне төленген шығындары жұмыс берушілердің осы айда жұмыссыздардың жұмыс істеген күндері көрсетіліп, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берген атқарылған жұмыстар туралы актілер негізінде алты айдан аспайтын мерзімге 0,5-тен 1,0 дейінгі ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жұмыс берушілердің есеп шоттарына немесе жұмыссыздардың жеке шоттарына аудару арқылы жартылай өтеледі.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың және нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек ақысына заңнамаларға сәйкес тәртіпте салық салынады.
      11. Жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын адамдардың еңбек төлемін жартылай өтеу үшін кәсіпорынның есеп шотына түскен бюджет қаржыларын орынды пайдаланбағаны үшін жұмыс беруші жауап береді.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы                С. Семенова

Үржар аудандық әкімдігінің
2010 жылғы 02 сәуірдегі
№ 209 қаулысына № 2 қосымша

Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың тамақтану
және жол жүру, медициналық куәландыру шығындарын өтеу бойынша
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 78 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Осы нұсқаулыққа сәйкес кәсіптік оқуға жіберілген жұмыссыз азаматтарға тұру, тамақтану, жол жүру ақысы және медициналық куәландырудан өту шығындарын өтеуді аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады (бұдан әрі - Бөлім).
      3. Шығындардың өтеуі Бөлімде жұмыссыз ретінде тіркеліп, кәсіптік жарамдылығын анықтауды қажет ететін мамандықтарға оқуға жіберілген арыз берушілерге төленеді.
      4. Арыз беруші медициналық куәландырудан Бөлімнің берген жолдамасы бойынша өтеді.

2. Шығындардың өтеуін алу

      5. Арыз беруші Бөлімге жазбаша түрде арыз беріп, төмендегідей құжаттар ұсынады:
      1) банктегі есеп-шотының нөмірі;
      2) медициналық куәландырудан өткені туралы төлемдік құжат;
      3) тұрған жерінен оқу орнына дейін барып қайтуға жолдың құны туралы анықтама;
      4) арыз беруші мен пәтер иесінің пәтерақы өтемін төлеу туралы арыздары.

3. Шығындар өтеуінің мөлшері және оны төлеу

      6. Медициналық куәландыру өтеуі тиісті құжаттармен расталған тексерілу құны мөлшерінде төленеді.
      7. Тұру шығындарының өтеуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
      1) өзге жерден келген өтініш берушілер қалаларда оқып, жатақханаларда тұрған жағдайда-ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына 5 айлық есептік көрсеткіштен артық емес. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда-айына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа жерлерде оқып, жатақханаларда тұрған жағдайда-ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына 4 айлық есептік көрсеткіштен артық емес. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда-айына 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) қалаларда оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтеуі айына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
      8. Тұрған жерінен оқу орнына дейін барып қайту жол ақысы тиісті жол мекемесінің берген анықтамасы негізінде төленеді.
      9. Шығындар өтеуін төлеу жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуына қарастырылған жергілікті бюджет қаражаты есебінен арыз берушінің есеп шотына аудару жолымен жүргізіледі.
      10. Тұру және тамақтану шығындарының өтеуін төлеу ай сайын келесі айдың 10-нан кешіктірілмей жүргізіліп отырады.
      11. Медициналық куәландырудың шығындарының өтеуі тиісті құжаттарды ұсынғаннан бастап бір ай уақыт ішінде төленеді.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы           С. Семенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады