Мақаншы ауылындағы көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 15 қазандағы N 56 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қарашада N 5-18-104 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» № 4200 Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2-ші тармағына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Мақаншы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мақаншы ауылының орталығындағы Интернат көшесінің атауы - Жұман Байботанов, Гагарин көшесінің атауы - Әл – Фараби, Әл – Фараби көшесінің атауы – Ербол Сағымбеков атындағы көшелер болып өзгертілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылауды Мақаншы ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Г. Ыдырышбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Округ әкімі:                           С.Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады