Халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту бағдарламасы аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 258 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қаңтарда № 5-19-141 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы N 445 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012.03.28 N 445 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13)14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 457918-1-баптарына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 58-баптарына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту бағдарламасы аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде келесі жолдармен шаралар қабылдансын (бұдан әрі - Қатысушылар):
      1) бастауыш, орта, жоғары және жоғарғы білім беретін оқу орындарының түлектері арасындағы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру;
      2) мақсатты топтар арасынан шыққан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.
      2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
      1) «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркеліп, мақсатты топқа жатқызылған Қатысушыларды жұмысқа жіберуді жүзеге асыру;
      2) Қатысушыларды іріктеу кезінде, оларға қолайлы жұмыстың жоқтығы;
      3) түлектің жасы 25-ке дейін және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;
      4) жұмыс мерзімі алты айға дейін.
      3. Жұмысқа орналастыру кәсіпорындарда, мекемелерде және меншіктік түріне тәуелсіз ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылып, Бөлімнің Жұмыс берушімен жасаған келісімшарты негізінде өткізіледі.
      4. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыс беруші мен Қатысушы арасында жасалған еңбек келісімімен белгіленеді.
      5. Бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орындарының түлектері арасындағы қатысушылардың еңбекақысын төлеуді аудандық бюджет қаржысы есебінен олардың жеке шоттарына аудару жолымен Бөлім келесі мөлшерде жүзеге асырады:
      1) жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес бастауыш, орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектеріне радиациялық қатер аймағында тұрғандығы үшін толық бір айға қосымша төлемімен қоса, тиісінше қаржылық жылға бекітілген ең төменгі еңбек ақы және заңнамалық тәртіппен бекітілген салық салынады;
      2) жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жоғары және жоғарғы білім беретін оқу орынының түлектеріне толық бір айға радиациялық қатер аймағында тұрғандығы үшін қосымша төлемімен қоса, тиісінше қаржылық жылға бекітілген 1,2 ең төменгі еңбек ақы және заңнамалық тәртіппен бекітілген салық салынады.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған Қатысушылардың еңбек ақысын Жұмыс беруші жеке еңбек келісіміне сәйкес тиісінше қаржылық жылға бекітілген ең төменгі еңбекақы мөлшерінде ай сайын өз қаражатынан, радиациялық қатер аймағында тұрғандығы үшін қосымша төлемімен қоса төлейді және белгіленген заңнамалық тәртіппен салық салынады.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған Қатысушылардың еңбек ақысына шыққан Жұмыс берушілердің шығындары аудандық бюджет қаражатынан Қатысушының біреуіне 50% мөшерінде жарым-жартылай өтеледі. Аудандық бюджеттен бөлінген қаржы Бөліммен жасалған келісім шартқа сәйкес Жұмыс берушінің есептік шотына аударылады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс жасаған Жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың келіп түсуіне қарай кезектілік тәртібімен жүргізіледі.
      9. «Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 4 мамырда 5-19-117 нөмірімен тіркеліп, «ЛЗ Сегодня» газетінің 2010 жылғы 7 мамырдағы № 20 санында жарияланған) № 16 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Г.И. Акуловқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
 

      Шемонаиха ауданының әкімі                 А. Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады